Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазынаға» 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап өнеркәсіптегі қызметкерлердің айлығын көтеруді тапсырды

Н. Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Самұрық-Қазына» Қорына 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап өнеркәсіптегі қызметкерлердің айлығын көтеруді тапсырды.
Астана қаласы14 Ақпан , 14:02

« «Самұрық-Қазына» Қоры мен қорға кіретін компанияларға 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап өнеркәсіптегі қызметкерлердің жалақысын 10 пайызға өсіруді бұйырамын», - деді ҚР .Президенті.

Сондай-ақ, ол жалақының өсуі «өндірушілерге ғана емес, жеке-техникалық ұжымға ғана, кеңселік қызметкерлер үшін емес».

Сондай-ақ, Н. Назарбаев Үкіметке «2014 жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақы төлемдерін 14 паызға көтеруді, мемлекеттік әлеуметтік төлемдерді – 12 пайызға, мекен-жайлық әлеуметтік көмек қызметкерлеріне – 12 пайызға өсіру қажет».

«Студенттердің шәкіртақысын 10 пайызға өсіру қажет. Үкіметке фискалды тұрақтылықты қамтамасыз ету қажет. Әлеуметттік қызметтер, әлеуметтік мінездегі бюджеттік даму бағдарламасы толық ауқымда орындалуы тиіс», - деді ол.

 




Яндекс.Метрика