Өңірлер

Теңге бағамы енді төмендемейді – Н.Назарбаев

Қазақстанда енді теңге бағамы төмендемейді, дейді ҚР Президентінің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.
Астана қаласы14 Ақпан , 13:56

«Біздің елімізде барлығы жеткілікті, уайымдаудың еш қажет жоқ, енді теңге курсы төмендемейді, сол үшін алдағы уақытта күш салатын боламыз», - дейді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, айырбас курсын түзету себепті алып-сатарлыққа жол бермеу керек және азық-түлік ажиотажына жол бермеу керек.

«Қап-қап қылып ұн сатып алудың қажеті жоқ. Бізде 20 млн тонна бидай бар, сол бізге жеткілікті. Әлеуметтік маңызы бар күнделікті тұтыну тауарлары – нан, ет, сүт пен өзге де тағам түрлері бізде жетіп артылады. Уайымдайтын ешқандай да себеп жоқ. Бұл долларды үсті-үстіне сатып алып, шет елге кеткісі келетін немесе әлдене сатып алмақ болған миллионерлер мен миллиардерлерге қатысты. Қазір алып-сатарлыққа жол бермеу үшін жұмыс істеуіміз керек», - деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, сауда саласында тауар бағасын бетімен жібермеу керек.

«Заң бойынша бағаны еркімен қойған саудагерлер мен айырбас пунктерін жазалау керек. Шағын сауда орындары қалыпты жұмыс істеуде. Ал ірі сауда орындары супермаркеттер мен гипермаркеттер тәртіпсіздікке бой алдыруда. Ондай жағдайда жетекшілерін алдырып жауапкершілікке тарту керек. Оның үстіне әкелінбеген тауардыың бағасын арттыруға ешбір негіз жоқ», - деді Елбасы.




Дерекнама

Яндекс.Метрика