Өңірлер

2014 жылы Қазақстанда Индустрияландыру картасының шамамен 150 жобасын жүзеге асыру жоспарланған – Е.Қайыров

Индустрияландыру картасы аясында 2014 жылы жалпы құны 1 трлн теңгенің шамамен 150 жобасын пайдалануға беру енгізілген, деп мәлімдеді ҚР ИЖТМ инвестиция комитеті төрағасы Ерлан Қайыров Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.
Астана қаласы 14 Ақпан, 15:12

«Бірінші кезекте, біз өңдеуші секторды қолға аламыз. Жалпы, бізде шетелдік инвесторлармен біріккен 300 жобамыз бар. Соның ішінде шамамен 100 жобаны біз іске асырып қойдық. Тағы 100-і іске асырылу үстінде. Ал қалған үштен бірін біз келешекте атқаратын боламыз. Соның көпшілігінде жаңа технологиялар қолданылатын болады», - дейді төраға.

Оның айтуынша, 2014 жылы өңдеуші сектордың өсім көлемі 2%-ды құрауы керек.

Ол үшін бүгінде бірінші кезекте 5 трансұлттық компанияны тауып, кемінде 50 млрд теңге көлеміндегі арнайы экономикалық жеке инвесторлар инвестициясын көлемін арттырып, Индустрияландыру картасына 150 жобаны пайдалануға беру, сонымен қатар инвестициялық шаралап аясында 2,5 млрд доллар көлеміндегі шамамен 30 құжатқа қол қою керек.

«Бұл әрине, мүмкін. Алайда мұнда басты нәрсе, көптеген қол қойылған құжаттардың да кейде іске асырылмай жататыны болады. Бұл жолы біз нақты жұмыс істеп, нақты жетістіктерге жетуіміз керек», - дейді Е.Қайыров.





Яндекс.Метрика