Инвестициялар

ҚР ИЖТМ Инвестиция комитеті инвестициялық келісімнің жаңа жүйесін енгізеді – Е.Қайыров

Мемлекет басшысы Жолдауын жүзеге асыру аясында ҚР ИЖТМ Инвестиция комитеті инвестициялық келісімнің жаңа жүйесін енгізуді жоспарлап отыр, деп мәлімдеді ҚР ИЖТМ Инвестиция комитеті төрағасы Ерлан Қайыров Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.
Астана қаласы 14 Ақпан, 17:45

«Біз шетелдік инвесторларға жаңа мүмкіндік беріп ынталандырғымыз келеді, сонымен қатар инвестициялық келісімнің жаңа жүйесін енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұның мәнісі неде? Біріншіден, біз заңнамалық тұрақтылықтың орнығуын қамтамасыз еткіміз келеді. Қазіргі заңнаманың өзгеруі аясында өңдеуші сектордағы жобаларда да ауыс-түйістер болады. Екіншіден, бұл шетелдік жұмыс күшін тартудың ең тиімді жолы. Осы арқылы мемлекеттік және квазимемлекеттік ұзақмерзімді тапсырыстар мүмкіндігіне жол ашылып, шетелдік инвесторлар елімізге жаңа технологиялармен келіп жұмыс істейтін болады», - дейді Е.Қайыров.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Жолдауда басты тапсырманың жаңа технологиялардың дамуы мен инвесторларды барынша молынан тарту екенін айтқан еді.

Е.Қайыровтың айтуынша, қазіргі таңда ведомство мойнына инвестициялық стратегияны таңдауда ұлттық компанияларды дұрыс бағыттау міндеті жүктелген.

«Біздің ойымыз, ұлттық компаниялардың инвестициялық стратегияны таңдағанда қателеспеулері керек. Сонда олар шет елден құрылғыларды сатып алуда ұтылмайтын болады. Олар ұзақмерзімді тапсырыс беруі үшін осында өндірушілерді алып келіп, өзара келіссөздер ұйымдастырулары керек. Дәл осы мәселе Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған болатын», - дейді комитет төрағасы.





Дерекнама

Яндекс.Метрика