Ұлттың денсаулығы

2020 жылға қарсы электрондық денсаулық сақтау енгізіледі

Қазақстан Республкасы Денсаулық сақтау министрлігі «Қазақстан Республикасында электрондық денсаулық сақтауды дамытудың перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Астана қаласы14 Ақпан , 18:30

Денсаулық сақтау министрлігінде хабарлағандай, жұртшылық Қазақстан Республикасының 2013-2020 жылдарға арналған электрондық денсаулық сақтауды дамыту жөніндегі тұжырымдамасымен танысты, сонымен қатар  денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелерді дамыту және электрондық денсаулық сақтауды стандарттау мәселелері талқыланды.

2020 жылға қарсы Қазақстан Республикасының электрондық денсаулық сақтау саласын іске асыру пациенттің қажеттілігіне бағдарланған денсаулық сақтаудың қауіпсіз, әділетті, сапалы және тұрақты жүйесін қамтамасыз ететін уақытылы, жаңа, шынайы және толық ақпаратты автоматтандырылған түрде алу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс. Электрондық денсаулық сақтаудың негізгі элементі еліміздің әрбір азаматының электрондық денсаулық паспорты болуы тиіс.

Электрондық денсаулық сақтаудың тұрақты дамуын қамтамасыз ету және осы процеске барлық мүдделі тараптарды тарту үшін Министрлік саланың бұдан әрі дамуын айқындайтын электрондық денсаулық сақтаудың базалық стандарттарын, нормативтік құқықтық регламенттеу құжаттарын әзірлеу бойынша жұмыстарды жүргізуде.

Қазіргі таңда алғашқы негізгі стандарттар әзірленіп, бекітілді. Оларды әзірлеу жұмысына Министрліктің және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың мамандары, медицина қызметкерлері, халықаралық консультанттар қатысты.

Айта кетейік, стандарт жобалары алдын ала Министрліктің ресми сайтында және форумында жұртшылықпен бірге талқыланды.

 

 




Яндекс.Метрика