Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Д. Шакенов: Жолдауды жүзеге асыру барысында ШОБ-ті қорғау - қаржы полициясы органдарының негізгі міндеті

Жолдау аясында шағын және орта бизнесті қорғау қаржы полициясы органдарының негізгі міндеті болып қала бермек, деп ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және оның алдын алу департаментінің бастығы Денис Шакенов ағынан жарылды.
Астана қаласы14 Ақпан , 18:13

«Жолдауда атап көрсетілгендей, Қазақстанның дамуы шағын және орта бизнес үлесінің артуына байланысты. Қазақстандық бизнес өнімінің оң өсу динамикасы мемлекеттің қабылдап жатқан шараларының тиімділігінің бір көрінісі.   Жалпы, шағын және орта бизнесті қорғау қаржы полициясы мен  оның осы сала бойынша жұмыс істейтін бөлімдері үшін негізгі міндет болып табылады», - деп Д. Шакенов баса айтты.

Оның мәліметі бойынша, 2013 жылы қаржы полициясы органдары кәсіпкерлердің құқығын бұзумен байланысты 214 сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстың бетін ашты.

Бұдан басқа, Агенттіктің ШОБ қорғау бойынша ведомствалық іс-шара жоспары жасалды. Онда мемлекеттік органдардың лауазымды қызметкерлері мен қаржы полициясы мамандарының шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметіне заңсыз араласуын анықтау және оны болдырмас үшін ұйымдастырушылық-тәжірибелік шаралар жоспарланған.

«Қазақстандық бизнесті қорғау мақсатында еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жетілдіру маңызды болып қала бермек және ол Елбасының халыққа Жолдауында көрініс тапқан.  Мемлекеттік институттар мен құқық қорғау органдарының жұмысын одан әрі жетілдіріп, жаңғырту  қазақстандық бизнесті қорғаудың іргетасы болатынына сенімдімін. ШОБ - ел экономикасының негізгі қозғаушы күші», - деді сөз соңында Д. Шакенов.




Яндекс.Метрика