Self made. Біздің замандастар

Азамат Тасқараұлы

Шығыс Қазақстан 14 Ақпан, 16:25

Анықтама:

Азамат Тасқараұлы – жас ақын. 1990 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Жоғары Тайынты ауылында дүниеге келді.

2008 жылы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы интернат мектеп-гимназиясын бітірді. Қазақстан-Америка Еркін Университетінің «Менеджмент» факультетінің  түлегі.

2006 жылы – «Абай оқулары» байқауының бас жүлде иегері.

2007 жылы – М.Мақатаев атындағы республикалық жыр мүшайрасының жеңімпазы.

2007 жылы – Т.Нұқай атындағы байқаудың жеңімпазы. «Абай әлемі» мүшайрасының жеңімпазы.

А.Тасқарұлы – Ш.Құдайбердіұлының туғанына 155 жыл толуына байланысты ұйымдастырылған жыр мұшайрасының бас жүлде иегері, «Әз Елбасы, жыр арқауы» байқауының жеңімпазы, «Шабыт» халықаралық жастар шығармашылығы фестивалінің «Әдебиет» номинациясы бойынша жеңімпаз.

Азамат Тасқарұлы ҚР Жазушылар одағының мүшесі, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Жусан қыз» (2014 жылғ Астана. «Фолиант» баспасы), «Жел кімді іздейді?» (2011 жыл, Өскемен), «Күзгі дем симфониясы» (2008 жыл, Өскемен) кітаптарының авторы.

«Біз-Тәуелсіз Қазақстанның тәуелсіз ұрпағымыз. Бүгінгі таңда Мемлекет басшысының арқасында еліміз жоғары жетістікке жетті. Бұл бағытта жастарға қолдау көрсетілуде. Қазір Қазақстанды бар әлем таниды. Біз өзіміздің ел азаматтары ретінде оның дамуына үлесімізді қосумыз керек. Күн мен қыран, болашақ ұрпағы, егемендіктің белгісі ретінде бірінші орында болу керек», - деді Азамат Тасқараұлы.





Дерекнама

Яндекс.Метрика