«Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзарту

2010 жылдан бастап мектепке дейінгі ұйымдардың саны екі есеге артып, 8590-ға жетті - ҚР БҒМ басшысы

2010 жылдан бастап мектепке дейінгі ұйымдардың саны екі есеге артып, 8590-ға жетті, деп хабарлады Үкімет отырысында білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов.
Казахстан 26 Наурыз, 00:00

«2010 жылдан бастап мектепке дейінгі ұйымдардың саны екі есеге артып, 8590-ға жетті, яғни, 4000-ға өсті»,-  деді Б.Жұмағұлов.
Сонымен қатар, ол аталған жұмыс жергілікті атқарушы органдардың үйлестірілген жұмысының арқасында жетістікке жеткенін атап өтті.   

Министрлік пен жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара іс-қимыл мен ведомствоаралық бақылаудың тиімді форматы құрылып, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмдері іске қосылды.

Жалпы алғанда БҒМ мәліметі бойынша 2012 жылға жекеменшік балабақшалар саны 1,7 есе, яғни 449-дан 753-ке өсті. Бұл жалпы балабақшалар санының 24%-ын құрайды.





Яндекс.Метрика