Білім беру саласындағы әлеуметтік жауапкершілік жүйесін дамыту

Қазақстанда «ТДЖҰА» көмегімен машина жасаудың 28 жаңа өнім атауы ретке келтірілген

Өткен жылы «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ базасында салалық конструкторлық бюроның көмегімен машина жасау саласының 28 жаңа өнім атауының өндірісі ретке келтірілген, деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.
Казахстан20 Наурыз , 00:00


«Машина құрастыратын кәсіпорындар салалық конструкторлық бюро көмегімен 28 жаңа өнім атауының өндірісі ретке келтірілген, оның ішінде, топырақ өңдейтін агрегат, вагондарға арналған есіктер, крандар, тез ажырайтын қосылыстар және тағы басқа атаулар»,- делінген «ТДЖҰА» АҚ хабарламасында. 
2012 жылы осы кәсіпорындарда, сонымен қатар, машина құрастыру кәсіпорындарына арналған жаңа бұйымдарға конструкторлық-технологиялық және нормативтік-техникалық құжаттаманың 225 комплекті жасалған.  
Сонымен қатар, СКБ-да 3D-сканерлеу бойынша құзіретті өркендету, қазіргі түптұлғалау кешені арқылы 3D-принтинг қолдану арқылы модельдеу және жобалау өркендетілгені атап өтілді. 

«Бүгінгі таңда құрылған СКБ еліміздегі 3D-технологияларды пайдаланатын және отандық машина құрастыру кәсіпорындарына сапалы қызмет көрсететін ең мықты инженер-конструкторлар ұжымдарының біріне ие», - делінген хабарламада.
Айта кету керек, СКБ төрт бағытта жұмыс жасайды: көліктік, ауыл шаруашылық машинасын құрастыру, тау-кен және мұнай-газ жабдықтары. 
Сонымен қатар, агенттік қаржылық және атқару тәртібін күшейту, үдерістерді оңтайландыру, еншілес ұйымдар үшін бірыңғай қызмет үлгісін жасау, жобаларды сараптау және мониторингілеу бойынша жұмыстарын жалғастырады, бұл жағдайды айтарлықтай жақсартуға көмектеседі.

Осылайша, 2012 жылдың қортындысы бойынша компанияның таза табысы шамамен 200 млн теңгені құрайды (инвестицияның ағымдағы құнын бағалауды есептемегенде).

Естеріңізге сала кетейік, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғам («ТДЖҰА» АҚ) - бұл технологиялық даму саласындағы ұлттық институт. Агенттік мемлекеттің жарғы капиталына жүз пайыз қатысуымен құрылған және «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-ның құқықтық мұрагері болып табылады. Агенттік инновациялық дамудың үдерістерін үйлестіруді қамтамасыз етуге көмектесу үшін және мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну үшін құрылған. 

Жалпы алғанда агенттіктің пайда болуынан бастап 2010-2012 жылдары 400-ден астам инновациялық жобаға қолдау көрсетілген, оның ішінде 138 инновациялық грант  берілген, технологиялық бизнес-инкубациялау және т.б. бағдарлама аясында 96 старт-ап жобаға қолдау көрсетілген.
 




Яндекс.Метрика