Білім беру саласындағы жұмыстың басымдықтары

Бірыңғай электронды контентті сақтау орнында 7,5 мыңнан астам білім ресурстары бар - БҒМ

ҚР-да электронды контентті дамыту шеңберінде бірыңғай сақтау орны құрылды, онда әр түрлі оқыту пәндері бойынша 7,5 мыңнан астам білім беру ресурстары бар, деп хабарлады бүгін ҚР білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Үкімет отырысында.
Казахстан19 Наурыз , 00:00

«Бірыңғай электронды контентті сақтау орны жасалды. Қазіргі кезде онда орта, техникалық және кәсіптік білім пәндері бойынш  7511 цифрлық білім беру ресурсы бар. Бұл жаңа ресурстарды құру және мұғалімдердің оқу материалдарын орналастыру арқылы одан әрі кеңейетін болады», - деді Б.Жұмағұлов.

Сонымен қатар, ол білім беру ұйымдары мен оқу процесін басқарудың екі негізгі жүйесі енгізілгенін, оның мектеп пен колледж әкімшіліктерінің, педагогтардың жұмысын автоматтандыруға мүмкіндік беретінін, ата-аналармен тұрақты байланыс орнатуға, т.б. жағдай жасайтынын айтты.
Оған қоса, БҒМ мәліметінше, білім беру ұйымдарының сайттарына арналған платформа құрылды, бұл жергілікті бюджет қаражатын үнемдейді.

Жоба шеңберінде Финляндия, Польша, Швеция, Ресей және басқа да елдердегі үздік электронды контент әзірлеушілерінің Халықаралық Консорциумы құрылды.

Сонымен бірге, Ұлттық білім берудің деректер базасы құрылды, ол биылғы жылдың өзінде статистиканы және білім беру ұйымдарының әкімшілік есептерін электронды форматта жасауға мүмкіндік береді және барлық бақылаушы және статистикалық органдарға қажетті деректерді беруге жағдай жасайды.




Яндекс.Метрика