Шағын және орта бизнесті дамыту

2013 жылдың 1 мамырына дейін 9 облыста кәсіпкерлерді қолдау мобильді орталықтары іске қосылады – Өңірлік даму министрлігі

2013 жылдың 1 мамырына дейін 9 облыста кәсіпкерлерді қолдау мобильді орталықтары іске қосылады, деп хабарлады бүгін ҚР Өңірлік даму министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитетінің төрайымы Ғалия Жолдыбаева кәсіпкерлікті дамытуға арналған баспасөз мәслихатында.
Казахстан18 Наурыз , 00:00


«Қазіргі уақытта кәсіпкерлерді қолдау мобильді орталықтары республикамыздың 5 облысында іске қосылған. Ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін осындай орталықтарды қалған 9 облыста іске қосуды жоспарладық», - деді Ғ.Жолдыбаева.
Қазіргі уақытта мобильді КҚО Қостанай, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарында жұмыс жасап тұр. 

Сонымен қатар, кәсіпкерлікті қолдау шеңберінде республикамызда 2013 жылы барлық облыс орталықтарында  кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары ашылады.
 




Яндекс.Метрика