Ауыл шаруашылығын жаңғырту

Қазақстанда көктемгі-егіс жұмыстарын қаржыландыруға шаруалардың 208 өтінімі мақұлданған - АШҚҚ

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ жалпы сомасы 10,6 млрд теңге болатын көктемгі-егіс жұмыстарын қаржыландыруға фермерлік шаруашылықтардан 208 өтінімді мақұлдады, деп хабарлады «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаев Орталық коммуникациялар қызметі Ресми өкілінің баспасөз мәслихатында.
Казахстан18 Наурыз , 00:00


«Қазіргі уақытта «ҚазАгро» холдингіне шаруашылықтардан жалпы 48,7 млрд.теңге сомасына 405 өтінім келіп түсті, оның 303 өтінімі Аграрлық несие корпорациясына, 102 - Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына тиесілі. Қазіргі таңда жалпы сомасы 10,68 млрд.теңгенің 208 өтінімі мақұлданды»,- деді Н.Сарыбаев.
Сонымен қатар, ол ағымдағы жылдан бастап «ҚазАгро» Ұлттық холдингі 2013 жылдың көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарының көлемін арттыратынын атап өтті. Жалпы алдағы егіс науқанына және содан кейінгі өнімді жинауға холдинг 78 млрд.теңгеден астам қаражат бағыттауды жоспарлап отыр. 
Аталған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру 60 млрд.теңге сомасындағы тартылған бюджеттік несие есебінен, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының 600 млн.теңге көлеміндегі меншікті қаражатының, Азық-түлік корпорациясының мемлекеттік ресурсқа астықты көктемгі-күзгі сатып алу үшін бөлген 13,75 млрд.теңге көлеміндегі бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылады. 
Бұдан басқа Аграрлық несие коропорациясының меншікті қаражаты есебінен Несие серіктестіктері арқылы несиелеуге 4 млрд. теңге қарастырылады. 
 




Яндекс.Метрика