ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

ҚР-да «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен қарым-қатынас орнатудың жаңа форматы енгізілуде

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен қарым-қатынас орнатудың жаңа форматын енгізуде. Bolashak Alumni Relations Office (бұдан кейін - BARO) деген атпен жобаланған бағдарлама ҚР Президентінің стипендиясының түлектерімен, олардың білім алған университетімен (alma mater), бағдарлама әкімшілігі ХБО ұзақмерзімді байланыс орнатуға бағытталған.
Казахстан15 Ақпан , 09:50

Бағдарлама жобалаушыларының пайымдауынша, қарым-қатынас орнату әдістемесін өзгерту ол уақыт талабы. Бұған дейін жанынан BARO құрылымдық бөлімді ашқан «ХБО»АҚ түлектер олардың қызметін бақылайтын, мониторинг жасайтын «бақылау-қадағалау құрылымы» ретінде қарастырып келген, сондай-ақ, бұл факт олардың арасындағы байланысқа кері әсерін тигізетін болған.

Жаңа міндеттер аясында BARO басты міндеті 1993 жылдың түлектерінен бастап тығыз байланыс орнату, стипендияттар арасында networking құру, «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру аясында «Болашақ»  бағдарламасы түлектерін тарту және  олардың инновациялық әлеуетін пайдалану, әр стипендиант туралы мәлімет бар электронды базаны жетілдіру.

BARO тиімді құралдарының бірі ретінде  BARO Digest болады. Дәл осы BARO Digest ай сайын түлектердің жетістіктері туралы BARO жаңалықтары арқылы хабардар етіп тұрады. Сондай-ақ, пайдалы кеңестер мен Career Centre бос жұмыс орындары туралы мәлімет таратады. 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика