Шағын және орта бизнесті дамыту

ҚР-да шағын және орта бизнес субъектілерінің саны өсуде - Статистика агенттігі

Республикамызда ағымдағы жылдың ақпанында тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6,4% артқан, деп хабарлады бүгін ҚР статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов Қазақстанның 2013 жылдың ақпанына әлеуметтік-экономикалық даму қортындысына арналған баспасөз мәслихатында.
Казахстан14 Наурыз , 00:00


«Республикамыздағы шағын кәсіпкерлік субъектілері 233 417 бірлікті құрап, 2012 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 6,4%-ға артты», - деді Ә.Смайылов.
Сонымен қатар, ол заңды тұлғалардың жалпы саны өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 5,7%-ға артып, 321 617 бірлікке жеткенін атап өтті.
Айта кету керек, адам саны 50-ге жетпейтін субъектілер саны 302 020 бірлікті құрады. Жалпы алғанда еліміз бойынша шағын кәсіпорындар саны ағымдағы жылдың ақпанына жасалған мәлімет бойынша 161 276 бірлікті құраған.
 




Яндекс.Метрика