2015 жылға дейін Қазақстанның моноқалаларындағы апаттық жағдайдағы үйлер түгел жойылады - Өңірлік даму министрлігі

2015 жылға дейін моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде апаттық жағдайдағы барлық үйлер жойылады, деп хабарлады ҚР Өңірлік даму министрлігінің Өңіраралық даму және экономикалық аудандастыру департаментінің директоры Ерасыл Жұманбаев.
Казахстан14 Наурыз , 00:00

«2013-2014 жылдарға моноқалалардағы апаттық жағдайдағы тұрғын үйлерді бұзуға 1,5 млрд теңге қарастырылған. 2015 жылға дейін моноқалаларды дамыту бағдарламасына сәйкес апаттық жағдайдағы үйлер болмауы тиіс. Осылайша, осы екі жылда 179 апаттық жағдайдағы үй бұзылатын болады»,- деді Е.Жұманбаев.
Ведомство өкілі түсіндіргендей, қазіргі уақытта моноқалалардағы құлатуға жататын үйлердің жалпы саны 521, олардың 179-ы коммуналдық меншікте болса, қалғаны жекеменшік үйлер.

179 апаттық жағдайдағы құлатуға жататын үйлердің негізгі бөлігі Жаңатаста (104 үй), Абайда (56 үй), Қаратауда (18 үй), Кентауда (1 үй) орналасқан. Оған қоса, Арқалықтағы 117 үй әзірге жеке меншікте, 2 мыңға жуық пәтерді иесіз деп тану бойынша заңи талап соттарда қаралуда.  
Жергілікті атқарушы органдарға апаттық жағдайдағы үйлерді коммуналдық меншікке ауыстыру жұмыстарын қарқындату қажет, деп атап өтті Е.Жұманбаев. 

Айта кету керек, бағдарлама аясында сонымен қатар апаттық жағдайдағы үйлердің орнына жалдамалы тұрғын үй салу қарастырылған. Осы жылы Риддер қаласында 12 бес қабатты үй тұрғызылады. Аталға шараға мақсатты трансферттерден 1,2 млрд теңге қарастырылған. 
 




Яндекс.Метрика