Дене шынықтыру мен спортты дамыту

Жеңілатлетші Маргарита Мұқашева - Универсиада жеңімпазы

Қазан қаласында өткен 27-ші Бүкіләлемдік жазғы Универсиада чемпионы Маргарита Мұқашева елге оралды, деп хабарлайды "2050 Стратегиясы" ресми сайты.
Солтүстік Қазақстан06 Тамыз , 00:00

Солтүстікқазақстандық спортшы қыз 800 метр қашықтықты 1 минут 58,96 секундта жүгіріп өтіп, ұлттық рекорд орнатты. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған жерлесімізді жақындары мен әріптестері теміржол вокзалында қарсы алды.

Жерлесіміз Маргарита Мұқашева дүние жүзінің жүйріктерімен жарысып, ұлттық рекорд орнатты. Ол 800 метрлік қашықтықта ресейлік бәсекелесі Екатерина Купинаны (1:58.96) секунд уақытпен шаң қаптырды.

Маргарита Мукашева, XХVII Бүкіләлемдік жазғы Универсиада чемпионы:

-Мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Бар күшімді уысыма жинап жүгіріп шықтым. Бұл - менің ғана емес, елімнің де жеңісі.

Маңдай тердің арқасында келетін жеңіс қашан да бағалы дейді спортшы қыздың бапкері Петр Литвиненко. Бұл - облыс тарихына енетін ерлік қадам.

Маргарита Мұқашева, XХVII Бүкіләлемдік жазғы Универсиада чемпионы:

-Мен Бүкіләлемдік жазғы универсиадаға 4-ші рет қатысып отырмын. Медаль аламын деген арманым орындалды. Шынығудан жалықпау керек. Адам тынбай-талмай еңбектенсе, міндетті түрде спортта да, өмірде де тек биіктен көрінеді. Менің оған көзім жетті.

Жерлесіміздің ендігі бағындыратын асуы - Мәскеудегі әлем чемпионаты. Ол жақында байрақты бәсекеге дайындалу үшін Алматы  қаласына барады.

Петр Литвиненко, Маргарита Мұқашеваның бапкері:

-Маргарита күнде талмай еңбек етті. Сөйтіп, өзіне деген сенімі артты. Мен де оның жеңетініне сенімді болдым.




Яндекс.Метрика