Президенттің бес бастамасы

5 бастама бойынша құрылған Қоғамдық кеңестің тетіктері мен тиімділігі

Бүгін Астанада Президенттің «5 әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылуы» жөніндегі Қоғамдық кеңес өз жұмысын бастады. 27 адамнан құралған кеңестің құрамында жетекші саяси партиялардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен ҚХА өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері, сарапшылар бар. Толығырақ strategy2050.kz АА дайындаған шолудан біле аласыздар.
Астана қаласы04 Мамыр , 12:44

Жиынды ашқан «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бес әлеуметтік бастаманың» жүзеге асырылуын қоғамдық бақлауға алуды тапсырғанын айтты. Жаңадан  құрылған Қоғамдық кеңес  Елбасы бастамаларын уақытылы  әрі сапалы  орындалуына жалпыхалықтық  бақылауды қамтамасыз етеді.

«Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараттан бастап, Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардағы депутаттық фракцияларын,  партияның фииалдары мен бастауыш партия ұйымдарының және қоғамдық қабылдау бөлімдерін жұмылдырады.  Сонымен бірге, Президенттің бес  әлеуметтік бастамасын уақытылы әрі сапалы жүзеге асырудың қазақстандықтар үшін қаншалықты  маңызды екенін ескеріп, азаматтық қоғам өкілдерімен күш біріктіріп жұмыс істеуіміз керек. Бүгінгі күні Үкімет пен әкімдер тарапынан бес әлеуметтік  бастаманы жүзеге асыру бойынша жұмыстарды бастады. Арнайы жол картасы да әзірленді», - деді М.Әшімбаев.

М.Әшімбаев  барлық  жұмыстарды сапалы әрі тиімді атқаруға  шақырды. Сондай-ақ, Төрағаның орынбасары  Кеңестің төрағасы ретінде  депутат  Бақытжан Жұмағұловты ұсынды, қатысушылар бұл ұсынысты бірден қолдады. Бүгіннен бастап  кеңестің  барлық отырыстары Бақытжан Жұмағұловтың төрағалығымен өтеді. Кеңестің хатшысы болып Нұр Отан партиясының әрекеттегі хатшысы Фархат Шаймұратов  тағайындалды. Өз кезінде су жаңа төраға өзінің кандидатурасын қолдағандарға алғыс айтты.

«Ең алдымен «Нұр Отан» партиясының көшбасшысы- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа баршамызға  сенім білдіргені үшін алғыс білдіремін. Елбасымыздың  5 әлеуметтік бастамасын қоғамдық бақылау және одан әрі дамыту еліміздің жаңғыру жолында аса жауапты әрі маңызды міндет деп қабылдаймын. Күн тәртібінде талқылайтын екі сұрақ бар. Кеңестің құрамы өте беделді, белді азаматтар. Партиялардың көшбасшылары жиналған. Бақылау  жұмыстың тиімділігіне қарау, нақтылықты қалай істеліп жатыр,қай жерлерде қандай   қиындықтар туып жатыр  соны анықтап, шешу  үшін құрылған кеңес.  Қоғамдық кеңестің  5 жұмыс тобы бар. Әр бастамаға бір адам жауапты. Олар барлық мәселелерді  толыққарайтын болады», - деді Б.Жұмағұлов.

Сондай-ақ, Б.Жұмағұлов 5  әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру бойынша Үкімет маңызды жұмыс жасады.  Жол картасын әірлеп, қаржылық негіз әзірленіп жатқанын айтты.

Осы орайда Үкіметтің жол картасы мен 5 әлеуметтік  бастама бойынша жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтып берді.

«Мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастамасы бойынша тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша Үкімет тиісті жол картасын қабылдады. Жалпы,  жол картасы  35 іс-шараны өткізуді қарастырады. Сондай-ақ,  4 кодекс пен  12 заңға өзгертулер енгізуді көздейді. Бірінші бастама әрбір отбасына баспана алуға  жаңа мүмкіндік беру бойынша Ұлттық банк биылғы жылғы мамырда бекітілетін 7-20-25  бағдарламасын іске асыруға кірісті. Банктер  бағдарлама шарттарымен  2018 жылдың екінші жартысында жаңа  ипотекалық  кредиттерді беруге тікелей кіріседі. Бағдарлама бастапқы тұрғын үйге арналған, оның шеңберінде  бойынша екінші тұрғын үйді енгізу мүмкіндігі  қарастырылып отыр. Бағдарлама бойынша банктер тарапынан ипотека алу  мен өзге операциялар тек теңге бойынша қарастырылады. 7-20-25 ипотекалық кредиттерді сатып алу үшін Ұлттық банк арнайы еншілес ұйым құруда. Ол шілдеден бастап жұмыс істейді. Астана, Алматы және Атырау, Ақтауда тұрғын үй  несие берілетін шекті сома  25 млн, ал өңірлерде 15 млн теңге болады. 7-20-25 бағдарламасына өзгерістердің енгізілуіне байланысты «Нұрлы жол» бағдарламасына да өзгерістер енгізілетін болады», - деді Т.Сүлейменов.

Сондай-ақ, кеңестің құрамында өзге партиялардың өкілдері де бар. Мысалы, «Бірлік» саяси партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали газдандыру  саласы бойынша бірқатар маңызды жұмыстар атқарылғанын айтты.

«Біздің мемлекетіміз әлі жас, оған қарамастан бірқатар оңтайлы жұмыстар атқарылуда. Елбасының  5 әлеуметтік бастамасы қаражатпен қамтамасы етілген, әсіресе жастарға толқын беріп, болашаққа бағдарын айқындап бермек. Батыс елдері бұрындары да 25 жылға несие беретін, біз бірінші рет бұны жүзеге асырып жатырмыз. Біздің елімізде триллиондаған газ көздері бар. Елбасының бастамалары бойынша  бірқатар  жобалар қолға алынды,   Азиялық газ құбыры, оның барлығы біз Өзбекстанға, Түрікменстанға қарайтынбыз. Қазір тәуелсіз болдық деп айта аламыз. Астананы газбен қамтамасыз етсек, елімізді де өз газымызбен қамтамасыз етуге келеміз», - деді С.Сұлтанғали.

Сондай-ақ, ол кеңестің атқаратын қызметінің маңыздылығы мен   механизмдерін айтты.

«Қоғамдық кеңестің  құрамындағы адамдар  жасалып жатқан шараларды Үкіметпен, Парламентпен тығыз қарым-қатынаста болып, оны халыққа заңды түрде жеткізу үшін керек. Құрылыс бойынша, тұрғын үй бағасының өсіп кетуіне Үкімет жол бермейді. Келісімшарт жасалады. Ол бойынша барлық тарап жұмыс істеуге мүдделі», - дед С.Сұлтанғали.  

Өз кезегінде депутат Жамбыл Ахметбеков қоғамдық кеңестің басты міндеттерін айтты.

«Кеңес құрамына Қазақстанда тіркелген барлық саяси партиялар еніп отыр. Бұл кеңестің ең негізгі мақсаты Елбасының  5 әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылуын қоғамдық бақылау болып табылады. Мысалы, кейбір мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына  халықтың  көңілі толмай жатады. Сондықтан, мембағдарламалардың жүзеге асырылуын басынан аяғына  дейін   қоғамдық кеңес бақылап отырады. Бұл өте тиімді тетік болып табылады», - деді Ж.Ахметбеков.

Ол айтып өткендей,  бүгінгі отырыста кеңестің тетіктері талқыланатын болады. «Нұр Отан» партиясы бұл бойынша бағдарлама дайындайды, сол бойынша ай сайын, мүмкін тоқсан сайын жиналып, атқарылған  жұмыстар бойынша есеп тыңдалады.

«Есеп бойынша туындаған сұрақтар мен пікірлерімізді айтып, халықтың сөзін жеткіземіз. Оны әлеуметтік желілерде, телеарналарда айтылған халықтың ұсыныстарын осы жерге алып келіп,ортаға салсақ, сонда бір тұжырымдамалы тетіктер пайда болады деген сенім бар», - деді Ж.Ахметбеков.

Сондай-ақ, Ж.Ахметбеков  5 бастаманы 5-уі де бірдей маңыздылыққа  ие екенін, яғни басымдылыққа барлық бастама ие екенін жеткізді.

«Оқып жүрген студенттің баспанасы болмаса, ол саған алаңдап, жақсы маман болу мүмкіндігін жіберіп алуы мүмкін. Жатақханамен қамтамасыз ету сондықтан да керек. Ал, баспанамен қамту мәселесі әрбір жас отбасы үшін маңызды  болып отыр. Газдандыру мәселесі де барлық халыққа маңызды. Бес әлеуметтік бастама халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталғандықтан оның біреуін бөліп, осы маңызды деп айтуға болмайды. Барлығы да бір-бірін жетілдіріп, алмастыратын  бастама болып табылады», - деді Ж.Ахметбеков.

«Қазақстан  2050» жалпыұлттық   қозғалысының төрағасы Мұрат Манкеев Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарында өңірлерді де аралау бар екенін айтты.

«Бес бағыттың да өз аудиториясы бар. Жатақхана мен қолжетімді баспана туралы  айтатын болсақ,  ол  бастама жастарға арналған. Біз  жұмысты қалай бақылайтынымызды анықтаймыз. Себебі, министрліктер мен әкімдіктердің жұмысына араласуды да дұрыс деп санамаймыз. Олар да Елбасының тікелей тапсырмасымен жұмыс істеп жүр. Жаз маусымы жетпей тұрып  жұмысты бастап кету керек деп  есептейміз. Біз партияның  бүкіл жүйелік   қызметін пайдаланып,  өңірлердегі филиалдарын тартқымыз келеді. Олар арқылы ауыл, аудандарға шығуды жоспарлап отырмыз. Бақылау  деген ол жұмысты  төбесінен басқарып, бақылау емес. Халықтың  арасында түсінбеушілік, коммуникативтік  мәселелер туындап жатса,  оны да бақылаймыз», - деді М.Манкеев.

Сондай-ақ,  жиында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков «7-20-25» жаңа тұрғын үй  бағдарламасының жаңа тетіктері  мен шағын несие беру тетіктеріне тоқталып өтті. Өз кезегінде Қазақстан жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті, «Тұран» университетінің ректоры Рахмен Алшанов студент  жатақханаларының құрылысы мен  қосымша бөлінген  20 мың білім гранты жайында сөз қозғады.

Айта кетейік, қоғамдық кеңестің  отырысы    қажеттілік бойынша өткізілетін болады.

Аягөз Құрмаш




Яндекс.Метрика