Президенттің бес бастамасы

5 әлеуметтік бастама уақытылы енгізілген бағдарлама – Н.Назарбаев

«Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында талқыланған екінші мәселе Президенттің «5 әлеуметтік бастамасы» болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 5 әлеуметтік бастама уақытылы енгізілген бағдарлама екенін және ол әрбір қазақстандыққа бағытталғанын айтты. Толығырақ, Strategy2050.kz АА шолуынан оқи аласыздар.
Астана қаласы01 Маусым , 14:32

Елбасы 5 бастамаға  аз қаржы бөлінбегенін айтты.

« Бұл мақсатқа саналы түрде бара жатырмыз. 5 әлеуметтік бастама біздің нақты не істеу  керектігімізді айқындайды», - деді Н.Назарбаев.

«5 әлеуметтік бастама» бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы  Премьер-Министрдің орынбасары Ерболат Досаев  баяндады.

« Сіздің  5 әлеуметтік бастамаңыз адами капиталды дамытудың жаңа кезеңіне өту. Үкімет  5 әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру бойынша  Жол картасы әзірледі.  Жол картасында 35 шараны өткізуді қарастырып отыр,  осы жылдың  наурыз айына дейін 20 іс-шара жүзеге асырылды. Сондай-ақ, бастамаларды жүзеге асырудың   заңнамалық негізі  әзірленді», - деді  Е.Досаев.

Е.Досаев Үкімет «Нұр Отан» партиясы жанындағы  5 әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру бойынша  қоғамдық бақылау кеңесімен тығыз жұмыс істейді.

«4 мамыр күні  кеңеске Жол картасын жүзеге асыру бойынша алғашқы есеп оқылды. Бұл өзара байланыс  тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бірінші бастама – әр отбасыға баспаналы болуы үшін жаңа мүмкіндіктер беру. Ұлттық бағдарлама «7-20-25» ипотекалық кредиттеу бағдаралмасының концепциясы бойынша қабылданды. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап осы бағдарлама бойныша банктер тікелей несиелеуді бастайды. Бағдарламада ипотекалық тұрғын займы теңгемен және қосымша комиссиясыз, займ жинағынсыз беріледі», - деді Досаев.

Президент Премьер-Министр орынбасарының сөзінен соң аталған бағдарламаның тиімділігіне тоқталды.

«Біз ең бірінші жастардың баспаналы болуына мүмкіндік берерміз, содан соң ешқандай пәтері жоқтарды қамтимыз. Пәтері барлар ақша тауып, сатып алады. Ал біз бұл бағдаралманы бүгінде ешқандай пәтерлері жоқтар үшін жасадық. Біз барлық ақшаны, отбасында жұмыс істейтін екі адамның еңбекақысын есептедік. Ипотекалық кредит мөлшері максимум 7% болады. Процентті төмендеуі үшін алдағы уақытта жұмыс істейміз. Кредит үшін төлейтіндерге арзан болу үшін бұрындары алғашында 50% жарнаны талап еттік, қазір 20% болды. Бұрын максиум 10 жылға несие берсек, қазір 25 жылға дейін беріледі», - деді Елбасы.

Назарбаев осы бағдарлама арқылы қарапайым отбасылар баспаналы болатынын және оларға бағдарламаның қалай жүретінін байыппен түсіндіру керек екенін айтты.

«Жастар, ұстаздар, дәрігерлер мен аз жалақы алатын мемлекеттік қызметкерлерге баспана алуға мүмкіндік беріп отырмыз. Бізде әліге дейін барлық қала, ауданда үй кезегіне тұрады. Германия, болмаса Францияда, Америкада пәтерге кезекке тұрғанды кім көрді? Бұл нарықтық экономикадағы нонсенс. Оларда ешқандай кезек жоқ, себебі мемлекет тегін баспана бермейді. Әліге дейін зейнеткерлер маған «Астанадан пәтер беріңізші» деп жазады. Оларға айтарым, бізде бар бағдарламаларға қосылыңыздар. Бізде ипотекалық бағдарламалар арқылы ипотека алуға болады. Ардагерлерге арналған жалдамалы баспана бар», - деді Назарбаев.

Ол сондай-ақ министрлерден, Парламент пен әкімдерден «маған баспана беріңіз» деп сұрайтындарға қазір мемлекетімізде үйді жай ғана бере салатын заңның жоқтығын айтты.

«Біздің барынша жасаған жағдайымыз сол – ипотекалық кредиттеу бағдарламасын әзірледік. Барлық партиялықтарға, әкімдерге айтарым мұны қолға алып, тістегеннің аузында кетпей, ұрламай, кімге қажет соған берілгенін қадағалау керек», - деді Елбасы.

Премьер-Министрдің орынбасары айтып өткендей, екінші бастама -  жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту.

«25 АЕК-ге дейінгі жалақысы бар жұмысшының  салық  салынатын кірісі  90 пайызға  қысқартылады. Қалған еңбекақы  жеке  табыс  салығы  бойынша  10 пайызға алынады. Осылайша, салық  салу  10 есеге қысқаратын болады», - деді Е.Досаев.

Оның айтуынша, барлығы қарапайым адамға көмек беруге бағытталған.

« Ең төменгі салықтар  Қазақстанда шығар. Корпоративтік салық – үлкен бизнеске  10-20 пайызды құрайды, Солтүстік Еуропада  бұл көрсеткіш  60 пайызға, өзгелерінде 50 пайызға тең.  Олар біз тегін білім береміз дейді, алайда 50 пайыз салық төлеуің керек», - деді Е. Досаев.

Сондықтан да,  Премьер-Министрдің орынбасары айтқандай,  10 пайыз  табыс салығы болып есептеледі.

«Барша капиталистік экономикалық жүйе  кәсіпкер артық ақшасын өнеркәсіпке салып, жаңа жұмыс орындарын  ашуға  бағытталған. Негізінде солай. Оған  18 ғасырда табу алынды, бақуатты адамдар – жаман емес, керісінше, бай адамдар – жақсы деп. Себебі, дәулетті адамдар қаржы тауып, кеңейіп жұмыс орындарын ашады. Алайда, олардың жұмыс орындарын шындап ашатынына қадағалау жүргізу керек», - деді Е.Досаев.

Е.Досаев  біз әлі де әртараптандырылған  төлемге көшпейтінімізді айтты. Себебі, экономика оған  сай келіп тұр.

«Табыс тапсын, алайда біз жұмыс орындарын ашуды талап етіп, жұмыскерлеріне жалақыны өсіруді талап  ете  аламыз. Салықтың  маңызы осы,  10-25 пайыз АЕК олардың қалтасында қалады. Меніңше, бұл аз да болса көмек», - деді Е.Досаев.

Премьер-Министрдің орынбасары  5 әлеуметтік бастама бойынша барлық атқарылған іс-шараларды тізіп өтті.

Өз кезегінде  жақында  Президенттің Бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы болып тағайындалған  сенатор Бақытжан Жұмағұлов «5 әлеуметтік бастаманы» іске асыруда қоғамдық бақылау қолға алынғанын айтты.

 «Еліміз үшін ерекше маңызы бар, халықтың кемел келешекке деген сенімін нығайтқан Бес әлеуметтік бастамаңыз елде үлкен үмітпен қабылданып, қолдау тауып жатыр. Осы игі істі бақылауды «Нұр Отан» партиясына тапсырдыңыз. Бұл әрбір нұротандыққа деген үлкен жауапкершілік пен сенім деп білеміз. Осыған орай, қоғамдық кеңес құрылып, өз жұмысын бастады. Бізге жүктелген мақсат-міндеттер айқын әрі анық. Ең бастысы міндетіміз - бастамаларды тиімді жүзеге асыру үшін партияның және қоғамның белсенді күштерін жұмылдырып, мемлекеттік органдарға жан-жақты көмек көрсету. Сондықтан да, Қоғамдық кеңеске ауқымды міндеттер жүктеліп отыр», - деді Б. Жұмағұлов.

Б.Жұмағұлов   қоғамдық кеңестің атқаратын қызметін жіктеп өтті.

«5 әлеуметтік бастаманың жүзеге асуына қоғамдық мониторинг және бақылау жасау, үйлестіру. Екіншіден, әлеуметтік бастамалардың жүзеге асырылуы туралы ақпаратты халыққа дер кезінде жеткізу. Үшіншіден, бастамаларды жүзеге асыру кезіндегі мәселелерді анықтау және оларды шешу жөнінде ұсыныстар даярлап, мемлекеттік органдарға олардың сапалы орындалуына атсалысу», - деді  Б.Жұмағұлов.

Оның айтуынша,  Үкімет бекіткен Жол картасы кеңестің  осы бағыттағы жұмыстардың негізі   негізі болып табылды.

«Бес бағыт бойынша кеңестің жұмыс топтары және өңірлік кеңестер құрылды. Мемлекеттік органдар мен жетекші саяси партиялармен, ҚХА, Ұлттық кәсіпкерлік палатасымен, Кәсіпкерлік федерациясымен, ҮЕҰ-лармен бірлесе жұмыс істеудің тұрақты механизмі қарастырылды. Сенат пен Мәжілістің депуаттық корпусы бастамаларды тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін заңнамалардың дайындалуына және қабылдануына жүйелі қолдау көрсетіп келеді. Кеңестің 4 мамыр күні өткен алғашқы отырысында және одан кейін де жұмыс топтары бойынша кеңінен талқыланды. Оған барлық жауапты министрліктер мен Ұлттық банк өкілдері белсене қатысты», - деді Б.Жұмағұлов.

Қорытындысында, Елбасы  мемлекет жасап жатқан барлық іс, бүкіл бастама халық үшін  екенін айтты. Сондықтан да, барлық  мақсатты орындай отыра, алға ұмтылу керектігін айтты.  Кеңейтілген отырыста талқыланған  екінші мәселе бойынша қаулы қабылданды.

Аягөз Құрмаш

Фото: Бауыржан Жуасбаев 




Яндекс.Метрика