Жұмыспен қамту және еңбек саясатын жаңғырту

«БЖК-2020» шеңберінде 34 мыңнан астам жұмыс орны құрылған - «Даму» қоры

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 34 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, 136 мың жұмыс орнына қолдау көрсетілген, деп хабарлады бүгін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова ҚР Үкіметі отырысында.
Казахстан 12 Тамыз, 00:00


«Бағдарлама аясында 136 мың жұмыс орнына қолдау көрсетіліп, 34,7 мың жұмыс орны құрылған. 2014 жылдың соңына дейін тағы да 8 мың жұмыс орнын құру жоспарланған»,-деді Л.Ибрагимова.
Сонымен қатар, ол бағдарламаны жүзеге асырудың басынан бастап субсидиялауға 2 832 жоба мақұлданып, оның ішінде 2 067 келісім-шарт жасалғанын атап өтті. 
Қор басшысы 2012 жылы қол қойылған келісім-шарттар санының 2 есеге артқанын, ал бағдарламаға қатысатын кәсіпкерлердің несие қоржынының көлемі 2012 жылы 60%-ға өскенін басып айтты. 

Бүгінгі таңда бағдарлама  шеңберінде субсидиялау түріндегі қолдауды кәсіпкерлердің 2457 жобасы алып отыр, оған қоса 132 жеке кәсіпкерлік субъектілеріне кепілдер берілген. 
 





Яндекс.Метрика