Ауыл шаруашылығын жаңғырту

«ҚазАгро» 2013 жылы егіс науқанын қаржыландыруға 74,3 млрд теңге бағыттауды жоспарлауда

Алдағы егіс науқанын жүргізу үшін «ҚазАгро» ұлттық холдингі жалпы алғанда шамамен 74,3 млрд теңге бағыттамақшы, деп хабарлады холдингтің баспасөз қызметі.
Казахстан06 Наурыз , 00:00


«2013 жылғы көктемгі-егіс жұмыстарын қаржыландыру үш қаражат көздерінен жүзеге асырылады – 60 млрд.теңге сомасындағы тартылған бюджетттік несие, 600 млн.теңге көлеміндегі АШҚҚҚ меншікті қаражаты, сондай-ақ 13,7 млрд.теңге Азық-түлік корпорациясының мемлекеттік ресурстарға астық сатып алуға бөлінген қаражаты есебінен»,- делінген «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, мәлімдемеде айтылғандай Ағымдағы жылы несиелер өткен жылғы несие өнімдеріне ұқсас екінші деңгейлі банктердің және астық қолхаттарының кепілдігімен шағын несие ұйымдарының жүйесі арқылы сондай-ақ ӘКК кепілдігімен форвардтық сатып алу арқылы берілетін болады. 

Сонымен бірге, биылғы жылы Аграрлық несие корпорациясы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге ыңғайлы болу үшін Несие серіктестігі жүйесі арқылы және міндеттемелері бойынша орындау мерзімін кейінге қалдыру арқылы қосымша несие өнімдерін енгізеді.
Осылайша, шаруаларға бұл қаражат жылдық 5 пайызбен 2013 жылғы желтоқсанның басына дейінгі мерзімге беріледі. Егер шаруашылық өздерінің қаржы міндеттемелері бойынша есеп айырысуды 2014 жылғы наурызға қалдырса, сыйақы ставкасы 7 пайызды құрайды. 
Өсімдік шаруашылығы саласындағы агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін жалпы қолдау шеңберінде Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры «Егінжай» бағдарламасын іске асырады. 

Несие ресурстарымен қамтамасыз етуден басқа «ҚазАгро» ұлттық холдингі көктемгі-егіс шараларын техникалық жарақтандыру жұмыстарын жүргізеді. Холдингтің құрылымындағы лизинг компаниясы «ҚазАгроҚаржы» АҚ өндірушілер мен жабдықтаушылармен 266 бірлік түрлі ауыл шаруашылығы техникасына арналған шарттар жасалды. 
Қазіргі уақытта шаруашылықтармен 6,6 млрд.теңге сомасына 140 бірліктен астам техниканы сатып алуға шарттар жасалды. Осы ретте, отандық аграрлық өндірісті қолдаудың аспаптарын жетілдіру мақсатында және субсидиялауды есепке алғанда «ҚазАгроҚаржы» АҚ жеткізілетін ауыл шаруашылығы техникасының барлық спектрінің лизингі бойынша пайыздық ставкасы 5,8 пайыз белгісінде белгіленгені жайлы айта кету қажет.
 




Яндекс.Метрика