Сыртқы саясатты жаңғырту басымдықтары

ҚР сыртқы істер министрі ресми сапармен Үндістанда болды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Үндістан Республикасына ресми сапармен барды. Еліміздің сыртқысаяси ведомства басшысы Делиге сапары барысында Үндістан вице-президенті – Парламент Жоғары палатасының төрағасы Мохаммад Ансари мен өзінің әріптесі Салман Хуршидпен ресми келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Казахстан05 Наурыз , 00:00

«С.Хуршидпен келіссөздер барысында тараптар халықаралық күн тәртібінің маңызды мәселелерін, екіжақты өзара ықпалдасу болашағы жайын жан-жақты талқыға салды. Әңгімелесушілер Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2009 жылғы қаңтар айында Делиге және Премьер-министр Манмохан Сингхтың 2011 жылғы сәуір айында Астана қаласына жасаған сапарларында жоғары дәрежеде қол жеткізген келісімдердің жүзеге асырылуын қарастырды»,-деп жазылған хабарламада.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың серпінді дамуына жоғары баға беріп, аймақтық және халықаралық қауіпсіздік мәселесі бойынша конструктивті сұхбатты нығайтуға ниет білдірді. Ауғанстанды қайта қалпына келтіру және БҰҰ, АӨСШК мен ШЫҰ шеңберінде көпжақты форматта өзара әрекеттесу мәселелері де назардан тыс қалмады.

Үндістанның мұнай және табиғи газ министрі Веераппион Мойлимен және үндістандық көптеген компания басшыларымен өткізген кездесуінде мұнай-газ және фармацевтика өнеркәсібі, көліктік инфрақұрылым саласының дамуы бойынша өзара әрекеттесудің нақты бағыттары қарастырылды.

Сапар барысында «Қазақстан-үндістандық ынтымақтастығының болашағы» атты ұйымдастырылған дөңгелек үстелдегі бірқатар іскер және ғылыми топтар аталған іс-шараға қызығушылық танытты.

Қазақстан Үндістан үшін Орталық Азиядағы ірі сауда және инвестициялық әріптесі ретінде нық орын алатыны белгілі (Қазақстан мен Үндістан арасындағы сауда айналымы 2012 жылдың қорытындысы бойынша 525 млн.долларды құрады, экспорт – 190 млн., импорт – 335 млн).

Өз баяндамасында Е.Ыдырысов Қазақстанның 2050 жылға дейін даму Стратегиясында қамтылған Елбасының саяси бағыты әлемдегі ең жоғары дамыған елдердің қатарында болуы тиіс деген мақсат белгілейді деп атап өтті. 

Еліміздің сыртқысаяси ведомства басшысы Үнді бизнесмендерін Қазақстандағы жоғары әлеуетті іскер ынтымақтастығын қолдануға шақырды. Министр Кеден Одағы құрылғаннан бері қолайлы инвестициялық жағдайы бар және біріккен жаңа жоғары технологиялық өндіріс орындарын құру мүмкіндіктерін жеткізді.




Яндекс.Метрика