Ана мен баланы қорғау

Қызылордалық Нәзира Сабырәлиева Қазақстандағы ең жас көп балалы ана

Қазақстандағы ең жас көп балалы ана қызылордалық Нәзира Сабырәлиева «Алтын алқа» иегері атанды. 26 жастағы Нәзира жеті баланы дүниеге әкелген. Нұрбибі, Аруана және Нұрсара есімді қыздары мен Нұрислам, Нұрмұхаммед, Нұрсұлтан, Нұрдәулет деген ұлдары бар.
Қызылорда05 Наурыз , 00:00

Өткен жылы Нәзираға «Күміс алқа» сыйланыпты, ал биыл алтын алқалы ана болып отыр.

Алтын құрсақты ана төрт баласының мектепте оқитынын айтады. Бұл отбасында тек отағасы жұмыс істейді, Нәзира әлі студент.

Жас отбасының арманы баспаналы болу, олар мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе екен дейді. 




Яндекс.Метрика