Перспективалы ұлттық кластерлерді қалыптастыратын жол картасы

«Самұрық - Энерго» АҚ-ның 2012-2022 жылдарға арналған ұзақ мерзімді даму Стратегиясы бекітілді

«Самұрық - Энерго» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен «Самұрық - Энерго» АҚ-ның 2012-2022 жылдарға арналған ұзақ мерзімді даму Стратегиясы» бекітілді, деп хабарлады компанияның бұқарамен қарым-қатынас жөніндегі департаменті.
Казахстан04 Наурыз , 00:00

«Стратегияның негізгі стратегиялық бағыттары Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, акционерлік капитал құнын ұлғайтуға және әлеуметтік жауапкершілікті көтеруге бағытталған», - делінген ақпаратта.

Стратегияның мақсаты – ел экономикасының жоғары даму қарқынын қолдау, қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін жақсарту, электр және жылу энергиясын өндіру және оның жеткізілімін қамтамасыз ету. 

«Компанияның даму стратегиясы әлемдік үздік тәжірибеге сәйкес әзірлеген. Бұл «Халықтық IPO» бағдарламасына қатысу кезінде компанияның мүмкіндіктерін жақсартады», - деп мәлімдеді «Самұрық-Энерго» компаниясынан.




Яндекс.Метрика