Инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясаты

Қазақстан даму банкі мен Өскемендік титан - магний комбинаты инвестициялық жобаны қаржыландыру бойынша келісімге қол қойды

Қазақстан даму банкі және «Өскемендік титан -магний комбинаты» АҚ өзі жүзеге асыратын инвестициялық жобаны қаржыландыру және экспорттық операциялар бойынша Келісімге қол қойды.
Шығыс Қазақстан07 Ақпан , 15:47

ҚДБ хабарлағандай, осы келісім аясында банктің «Өскемендік титан -магний комбинаты» АҚ  өндірісін кеңейту және жаңарту жұмыстарын қаржыландыру туралы ниеті жазылған. Жалпы бұл жобаны жүзеге асырушы «ӨТМК» АҚ өзі.

«ӨТМК» АҚ әлем бойынша біріктірілген титанды өндіретін және оны индустриалды дамыған елдерге экспортайтын жалғыз кәсіпорын.  Жаңа технологиялық жаңалықтарды енгізу және титан өнімдерін тасымалдау  нарығын кеңейту мақсатында «ӨТМК» АҚ  бірқатар иновациялық жобаларды жүзеге асыруда.

«Қазақстанда титанды құйма мен қорытпа шығарудың жаңа өндірісі «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ-на шикізат өндіруден бастап титан өнеркәсібіндегі әлемдік көшбасшылармен бәсекеге қабілетті жоғары үстеме құнымен дайын өнім шығаруға дейінгі технологиялық циклдың тік интеграциясын күшейтуге мүмкіндік берді. Комбинаттың шығаратын өнімі әуе космостық және мұнай-газ өнеркәсібінде, атом энергетикасында, әлемдік экономиканың қорғаныс және медицина саласында қолданылады», - дейді ҚДБ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Асқар Достияров.

Айта кету керек, Шығыс Қазақстан облысындағы ҚДБ қызметі тобынан бастап 196 млн доллар көлеміндегі топтың қатысуымен 315,1 млн доллар шамасындағы 18 жоба қаржыландырды және қаржыландыру үстінде. Қазіргі таңда солардың ішінен ҚДБ қызметінде 10 жоба қаралып жатыр. Олардың жалпы құны 160 млн доллар көлемінде.

 
 




Яндекс.Метрика