Тұрақсыз әлемдегі Gglobal Қазақстан

Ақмола жұртшылығы «G-Global» жобасын қолдау бойынша жалпы республикалық конференция өткізуді ұсынды

Бүгін Көкшетауда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың бастамасы «G-Global» мегажобасын қолдау мақсатында өңір басшысы Қосман Айтмұхаметов пен ҚР Парламенті Сенатының депутаты Серік Нөгербековтың қатысуымен Ақмола облысы жұртшылығының жиыны өтті.
Нұр-Сұлтан06 Ақпан , 16:10

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, жиынға оқымыстылар, мемлекеттік орган жетекшілері, үкіметтік емес ұйым, жастар ұйымы өкілдері, экономистер, саясаттанушылар, кәсіпкерлер, қоғамдық бірлестік жетекшілері, ұстаздар мен студенттерден құралған жалпы саны 300 адам қатысты.

Жұртшылық алдында сөз алған сенатор С.Нөгербеков, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті ректоры С.Елубаев, Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақмола ғылыми-сараптамалық орталығы төрағасының орынбасары Н.Митчинова, «Education Invest» қоғамдық қорының директоры М.Әбішева мен басқа да қонақтар «G-Global» халықаралық жобасын көтерудегі қазақстандық қауымдастықтың қатысу мәселесін талқылады.

Ақмола облысы активі Қазақстан Республикасы Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы «G-Global» халықаралық жобасын құру мен көтеру ұсынысын тастады, сонымен қатар барлық ел болып – үкіметтік емес ұйым мүшелері, бизнес-құрылым, агроқұрылым, өнеркәсіп кәсіпкерлігі қызметкерлері, орташа мамандандырылған оқу орындары мен жоғарғы оқу орындары студенттері, профессорлық-оқытушылық құрам, ғылыми мекеме қызметкерлері тарапынан «G-Global» халықаралық жобасын қолдауда Коалиция құруды ұсынды және «G-Global» халықаралық жобасын көтеру бойынша жалпы республикалық конференция өткізу қажеттілігі айтылды.

Шара соңында ақмолалықтардың коммуникативті алаңды танымал етуге белсенді араласуға шақыратын резолюция қабылданды.

«Өздеріңізге де белгілі, бүгінде әлем тек қаржы дағдарысын ғана бастан кешіп жатқан жоқ. Дағдарысқа азық-түлік қауіпсіздігі, экология, өндірістік-технологиялық база да ұшырады. Енді жаһанды қауіпсіздік құрылымының, соның ішінде ядролық қауіпсіздіктің тиімді нұсқасы керек. Шараға қатысушылар «G-Global» халықаралық жобасы дүниежүзілік дағдарысқа қарсы шешімдерді іздеуге бағытталған қоғамдық, ашық және интерактивті пікірталастар құруға жағдай жасайды. «G-Global» жобасы – әлемдік саясат пен экономиканың барлық мәселелері бойынша барлық жаһандық қауымдастықты жаппай диалогқа шақыру», - делінген хабарламада.

Жиынға қатысушылардың айтуынша, Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «G-Global» жобасын құру туралы ұсынысы арқылы кезекті рет әлемдік экономика мен саясаттың теңдессіз қайраткері екенін дәлелдей түсті.




Яндекс.Метрика