Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері 10 жылда өзін-өзі ақтайтын болады

Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері 10 жылда өзін-өзі ақтайды. Бұл туралы бүгін ОКҚ баспасөз мәслихаты барысында «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының инновациялық жобалар жөніндегі басқарушы директоры Валерий Шевелев мәлім етті.
Казахстан04 Наурыз , 00:00

«Жел және күн электр стансаларының құны орнатылған қуаттылықтың бір киловаты үшін 3-4 мың долларды құрайды. Біз өтелу мерзімі 12-14 жыл болатын 1 мегаватт стансаны іске қостық делік. Оның құны 3-4 млн доллар болуы тиіс. Біз қазір қазақстандық материалдарды қолдана отырып, көліктік, кедендік шығындарды алып тастап, бұл жүйені жетілдіру мақсатында жұмыс істеп жатырмыз. Мұндай жаңартылатын энергия көзін 3-4 млн-ға дейін жеткізгіміз келеді. Болашақтағы мақсат – оның өзін-өзі өтеу уақытын 10 жылға жеткізу», - деді В. Шевелев.




Яндекс.Метрика