Білім беру саласындағы жұмыстың басымдықтары

Қызылорданың мектептерінде тұрмысы төмен отбасылардың балаларына ыстық тамақ тегін беріледі

Қызылорданың барлық мектептерінде тұрмысы төмен отбасылардың балаларына ыстық тамақ тегін беріледі. Бұл туралы Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы санитарлық бөлімнің бас маманы Ақмарал Қалкөзова хабарлады.
Қызылорда04 Наурыз , 00:00

«Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы 54 орта мектепті бақылайды. Оның қатарындағы 12 мектеп Қызылорда қаласына қарасты елді мекендерде орналасқан, - деді ол, - барлық 54 мектепте бірінші сынып оқушылары мен тұрмысы төмен отбасылардың балаларына ыстық тамақ тегін беріледі».

«Мектептердегі ас мәзірі бекітілді, - деді Қалкөзова. – Күніне бір рет берілетін ыстық тамақпен қоса шәй, печенье, сусын немесе сүт, сүт өнімдері мен жеміс-жидектер беріледі. Азық-түліктің сапасы қатаң қадағалануда».




Яндекс.Метрика