Су ресурстарына қатысты саясат

Щучинск-Бурабай демалыс аймағын сумен қамту мәселесін шешу үшін биыл 1,2 млрд теңге бөлінеді

Щучинск-Бурабай демалыс аймағын сумен қамту мәселесін шешу үшін биыл 1,2 млрд теңге бөлінеді, деп мәлімдеді Бурабай ауданы әкімі Нұрлан Нұркенов халыққа есеп беру барысында.
Ақмола05 Ақпан , 09:34

Бурабай ауданындағы су құбырларын қалпына келтіру мен кәріз желілері құрылысына және Зеленый бор ауылындағы сумен қамтамасыз ету желілерін жөндеуге 1,2 млрд теңге аударылады. Жалпы демалыс аумағындағы сумен қамту желілері құрылысы бойынша 10 жоба дайындалды. Оның ішіне магистралді су құбыры желілерін салу мен жөндеу және Щучинск қаласындағы кәріз жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары енеді.

Сонымен қатар, Ақмола облысы әкімдігінде айтылғандай, Щучье көлі айналасында орналасқан сауықтыру орындарының кәріз және сумен қамту желілері құрылысы бойынша теңдессіз жоба қолға алынбақ.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда бірде-бір сауықтыру орнында орталық кәріз жүйесі қосылмаған. Аталмыш жоба осы мәселені шешеді деп күтілуде.

Алдағы бірнеше жылда қолға алынатын ірі жобаның бірі Щучинск қаласындағы қазандық пен жылу желілері құрылысы. Биылдан бастап оның техникалық-экономикалық негізі дайындалмақ.Жобаның іске асырылуы қаланың бірнеше ескі қазандықтарын жаңартып, қосымша, атап айтар болсақ «Заречный» шағын ауданында салынып жатқан жобаларды да қамтымақ. Жаңа жылу желілерін салу қарастырылып, сонымен қатар жекелеген ескі қазандықтар жөндеуден өтпек.

 

 




Яндекс.Метрика