Білім беру әдістемелерін жаңғырту

БҚО-да педагогикалық мамандар тапшы

Батыс Қазақстан облысында білікті педагогикалық мамандар тапшы, деп хабарлайды облыстық білім басқармасы басшылығы.
Батыс Қазақстан03 Наурыз , 00:00

Облыстық білім басқармасы бастығының сөзіне қарағанда, мектептерге біліктілігі жоғары мұғалімдер жетіспейді. Жаңғалы ауданында мұғалімдердің 43% лицензиялық талаптарға сай келмейді. Ал Қазтал ауданында 30%, Теректі ауданында мұғалімдердің 27% бұл талаптардан шыға алмайды екен.

БҚО білім басқармасы бастығы А.Мыңбаеваның айтуынша, орта білім сапасын арттыру үшін алдымен педагогикалық мамандардың біліктілігіне көңіл бөлу керек. Облыста жалпы білім беретін мектептердегі мұғалімдердің 85,1%-ның жоғары білімі бар, ал республикалық көрсеткіш 87,9%.

Басқарма бастығы білім беру мекемелері басшыларын іріктеу және тағайындау мәселесі де назардан тыс қалмау керек дейді.

«Жалпы білім беретін мектеп директорларының орташа жасы 41-де, ал орташа педагогикалық еңбек өтілі бес жыл ғана. Әрі мектеп басшылары жиі ауысады. 2011 жылы түрлі себептерге байланысты 29 адам жұмыстан босатылса, 2012 жылы олардың қатары 64-ке жеткен. Соңғы екі жылда Ақжайық және Қазтал аудандарында 11 директор ауысты, Тасқала, Теректі және Зеленов аудандарында 10 басшы орнын босатқан. Ал Қаратөбе және Бөкей ордасы аудандарында бұл көрсеткіш 8 адамды құрады», - деп атап өтті А.Мыңбаева.




Яндекс.Метрика