Ең төменгі әлеуметтік стандарт

Астанада ет пен картоп бағасы арзандады

Елордада ақпан айында ет пен кейбір көкөніс өнімдеріне бағаның төмендегені байқалды. Бұл туралы қалалық Статистика департаментіне хабарлайды.
Астана қаласы03 Наурыз , 00:00

15 ақпандағы мәлімет бойынша, қой етіне баға (2,3%), сиыр етіне (2%), сондай-ақ, көкөніске, картопқа 4,2%, сәбізге – 4,1% арзандағаны байқалған.

Сонымен қатар, күнбағыс майы мен сүт, жарма өнімдеріне бағаның өскендігі көрінеді. Атап айтқанда, күнбағыс майы 4,4%, ірімшік – 2,2%, қаймақ –1,6%, пастерленген сүт– 1,2% қымбаттаған . Жарма өнімдерінен сұлы (2,5%), арпа ( 1,1%), манна ( 0,6%), қарақұмық ( 0,3%), сондай-ақ, тары ( 1,3%) бағасы өскен, - делінген хабарламада.

Еске салайық, биылғы жылдың қаңтар айында жұмыртқа ( 0,4%) және пияз бағасы төмендеген. 




Яндекс.Метрика