Шағын және орта бизнесті дамыту

Степногорда кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды

Степногорда кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды, деп хабарлайды Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Ақмола02 Наурыз , 00:00

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалы негізінде іскер жандарға көмек көрсететін орталық жұмыс істейді. Мұнда бүгінгі күні мыңнан астам кәсіпкерге түрлі көмек көрсетілді. Жақында осындай орталық Степногор қаласында да ашылды», деп жазылған хабарламада. 

«Кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылуының маңызы зор. Енді аймақтағы кәсіпкерлер облыс орталығына бармай-ақ, осы жерде барлық мағлұматтарды ала алады», деді кәсіпкер Руслан Батығаев.

Естеріңізге саламыз, мемлекет басшысының бизнесті ашу, оны тиімді жүргізу және сапалы консультациялық қызмет көрсету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Даму қоры кәсіпкерлікті қолдау орталығының тұжырымдамасын дайындаған. Соған сәйкес, алдағы уақытта кәсіпкерлерге қолдау көрсетудің үш деңгейлі жүйесі енгізіледі. Облыс орталықтарында-кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары, моноқалаларда-кәсіпкерлікті қолдау орталықтары, аудандарда-кәсіпкерлікті қолдау мобильдік орталықтары жұмыс істейтін болады. 




Яндекс.Метрика