Су ресурстарына қатысты саясат

М.Оспанов: 2014 жылы сумен қамту секторына шамамен 32 млрд теңге инвестиция құйылады

Сумен қамту секторына шамамен 32 млрд теңге инвестиция салынады, деп мәлімдеді бүгін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі қызметкерлерінің отырысында ведомство басшысы Мұрат Оспанов.
Нұр-Сұлтан03 Ақпан , 18:10

«2013 жылы сумен қамту секторына 12 млрд теңгеден астам қаражат құйылды. 2014 жылы 32 млрд теңге инвестиция салу жоспарланып отыр», - дейді М.Оспанов.

Оның айтуынша, сумен қамту саласында 2013-2015 жылдарға арналған кең көлемді жаңғырту және қалпына келтірудің тарифын құрудың жаңа механизмдерін енгізу бойынша кешенді жоспарлар іске асырылуда.

«Кешенді жоспардың орындалу нәтижесі құрылғылардың тозу көрсеткішінің 15 пайызға азаюы, энергопайдалану көлемінің 30 пайызға төмендеуі, өндірістік шығындардың азаюы, шығындарды үнемдеу мен қызме көрсету сапасын арттыру. Бүгінде бірқатар облыстарда жаңғырту жұмыстары басталып кетті. Атап айтар болсақ Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау мен Жамбыл облыстарында», - дейді М.Оспанов.

 




Яндекс.Метрика