Инфрақұрылымды дамыту

СҚО-да жолдарды жөндеуге 3 миллиард теңге бөлінді

Солтүстік Қазақстан облысында жолдарды жөндеуге 3 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Солтүстік Қазақстан02 Наурыз , 00:00

«Бар күшті жолдарды жөндеуге салу керек. Аудан әкімдері автомобиль жолдары басқармасымен тығыз қатынас жасасын. Әсіресе мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндігін пайдаланып қалуға тырысқан жөн. Әр метрді қалпына келтіру жұмыстары аудан жетекшілерінің жіті бақылауында болсын», — деп атап өтті өңір басшысы Самат Ескендіров. Қазір облыста автомобиль жолдарының ұзындығы 9 мың шақырымды құрайды. Оның 69 шақырымына жөндеу жүргізу қажет. 2010-2012 жылдары жолдарды жөндеу  республикалық және жергілікті бюджеттен 7 млрд теңге жұмсалған.

Сонымен қатар, отырыста «Ақ бұлақ» бағдарламасының орындалу барысы мен міндеттері талқыланды. Бүгінде солтүстікқазақстандықтардың 83% тіршілік көзін орталықтандырылған желіден тұтынады. Биыл бұл көрсеткішті жақсарту үшін «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 млрд теңгеден артық қаржы бөлінген. Аймақ басшысы маңызды жұмысты уақтылы әрі сапалы орындауды жүктеді.




Яндекс.Метрика