Су ресурстарына қатысты саясат

Шығыс Қазақстан облысының 305 ауылы «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша сумен қамтылды

Шығыс Қазақстан облысында «Ақ бұлақ» бағдарламасының жұмыс істеген үш жыл қорытындысы бойынша орталық сумен қамтуға қосылу көрсеткіші 84% құрады. Осылайша Шығыс Қазақстандағы 10 қалада, 3 қыстақ пен 305 ауыл ауыз суға қол жеткізіп отыр.
Шығыс Қазақстан03 Ақпан , 16:50

«2011-2013 жылдары бағдарламаны іске асыруға 20 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. «Ақ бұлақ» бағдарламасы ШҚО-ның барлық аудандарында жұмыс істеді», - дейді облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының жетекшісі Айтқазы Шерубаев.

Айта кету керек, 77 жобаның қазіргі таңда 59-ы аяқталды. Қалғандары 2014 жылы іске асырылады деп жоспарлануда.

Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысындағы қалалардың орталық сумен қамтылғаны 97% болса, ауылдарда бұл көрсеткіш 65,5%. Ал қалалық және ауылдық жердегі халықтың сумен қамтылу деңгейі тиісінше 53% және 12% құрайды.




Яндекс.Метрика