Үкімет

Серік Ахметов пен ХКБ басшысы Висенте Лоссерталес «ЭКСПО-2017» мәселесін талқылады

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Висенте Лоссерталеспен кездесу өткізді. Кездесу барысында ЭКСПО-2017 көрмесін дайындау мен өткізу, Қазақстанның ХКБ-мен өзара іс-қимылы мәселелерін талқылады.
Казахстан06 Тамыз , 00:00

С.Ахметов ЭКСПО-2017 дайындау мен өткізу Мемлекет басшысының айрықша бақылауында отырғанын атап өтті.

«Мемлекеттік комиссия ЭКСПО-2017-ні ұйымдастыру мен өткізудің Ұлттық жоспарын бекітті, оны жүзеге асыру қатаң бақылауда», - деді С.Ахметов.

Үкімет басшысы үздік «ноу-хаулар», баламалы және жаңғыртылған энергетика саласындағы перспективалық жобалар ұсынылатын ЭКСПО-2017 аса жоғары деңгейде өтетініне сенім білдірді.

«Біз бүгінде Тіркеу құжаттамасын мұқият зерттеуге және қажетті түзетулер енгізуге кірістік. Жоспар мазмұны жағынан өте салиқалы. Онда ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясында көрсетілген пайымдары көрініс тапқан», - деді В.Лоссерталес.

Қазақстанға жұмыс сапармен келген В.Лоссерталес, сапар барысында Қазақстанның Тіркеу құжаттамасын дайындау және Астанада ЭКСПО-2017 ұйымдастыру мәселелерімен танысатын болады.




Яндекс.Метрика