Индустрияландырудың келесі кезеңінің жоспары

Қарағандыда Индустрияландыру картасына енгізілетін бірқатар жобалар қаралды

Қарағандыда үдемелі индустриалдық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында Индустрияландыру картасына енгізуге ұсынылған инвестициялық жобалар қаралды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметы хабарлайды.
Қарағанды02 Наурыз , 00:00

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Индустриаландыру картасына Сәтпаев қаласының Жезқазған кентіндегі «Рудсервис К» ЖШС таукен-шахтылық құрал-жабдықтарға арналған компрессорлық қондырғыларды өндіру жобасын енгізу ұсынылған.

Бұл компрессорлардың артықшылығы қолдану кезіндегі шығынды төмендетіп, ауа сүзгілерін әзірлеуде инновациялық технологияларды пайдалануға, жұмыс сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жобалық қуаттылықтарға шыққан соң «Рудсервис К» ЖШС өндіріс көлемін 50 компрессорлық қондырғыға жеткізуді көздеп отыр. Ақшалай көрінісінде бұл жылына 420 млн. теңгені құрайды.

Осыдан кейін «Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жүзеге асыру жоспарланып отырған жобалар қарастырылды. Дәлірек айтқанда, «Қазтерм» ЖШС болат радиаторлар өндірісінің көлемін кеңейту, «EcoIndustry» ЖШС тозған шиналарды қайта өңдеу, «Центргеолсъемка» ЖШС жылдамдығы жоғары заманауи бұрғылау қондырғысын сатып алу және басқа да жобалар жан-жақты талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімі мақұлданған жобалар тізімі бойынша тиісті құжаттарды ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне Индустриаландыру картасына енгізу мәселесін қарастыруды сондай-ақ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен екінші деңгейлі банктерге субсидиялау келісім-шарттарын жасау үшін жолдауды тапсырды. 




Яндекс.Метрика