Инфрақұрылымның дамуы

2013 жылы әуе компаниялары Қазақстан-Түркия бағыты бойынша 230 мың жолаушы тасымалдады

2013 жылы әуе компаниялары Қазақстан-Түркия бағыты бойынша 230 мың жолаушы тасымалдады.
Астана қаласы30 Қаңтар , 17:54

Ведомствода хабарлағанай, аталмыш бағыттағы жолаушылар ағымының жыл сайынғы өсімінің 15% екенін ескерсек, 2014 жылғы көрсеткіш 265 мың жолаушыны құрайды деп күтілуде.

Қазіргі таңда «СКАТ» әуе компаниясы 2014 жылдың туристік маусымына «Боинг» компаниясының 7 әуе судасын бөліп қойды. Олардың 190 мың жолаушыны тасымалдай алады.

Сонымен қатар «Еуро-Азия Эйр», «Инвеставиа», «Бек Эйр» әуе компаниялары 74 мың жолаушыны тасымалдайтын 8 бортты бөлуді көздеп отыр. «Эйр Астана» компаниясы шамамен 28 мың жолаушыны аталмыш бағытта тасымалдауды жоспарлап отыр. Осылайша, Қазақстан-Түркия бағытындағы жолаушылар тасымалы қанағаттандырылатын болады.

Жаз маусымында чартерлі рейстерді ұйымдастыру туралы дөңгелек үстелде ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Игіліков Дүниежүзілік туристік ұйымы елдері тарапынан, соның ішінде Қазақстан да бар, туристік қауіпсіздіктің жаһандық конвенциясы дайындалып жатқанынан хабар берді.

Құжатты туристерді қорғаудың біріңғай ережесі мен нормалары нақтылап, сонымен қатар шет елдерге келгендегі қауіпсіздікті де қамтамасыз етеді. Тұтынушылар құқын қорғау ережелері туристік фирмалардың банкроты жағдайында ғана емес, табиғи апаттар мен туристік операторлардың құқық бұзушылықтары кезінде де сақталатын болады.




Яндекс.Метрика