Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Л.Иватова: Мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру – Қазақстанды реформалаудың маңызды кезеңдерінің бірі

Өз Жолдауында Қазақстанды реформалаудың маңызды стратегиялық міндеттемелерінің бірі ретінде Мемлекет басшысы мемлекеттік институттардың жұмысын жетілдіру екенін айтты, дейді Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры Л. Иватова.
Астана қаласы30 Қаңтар , 17:26

«Жолдауда Мемлекет басшысы меритократия ұстанымдарын енгізу қажеттілігінің маңызына тоқталды. Осы бағыттағы кадрлық жұмыстар саласында айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Қазіргі таңда барлық қатардағы азаматтарға қолжетімді болатын жабық формадан ашық құрылым жүйесіне өткен барынша білікті кадрларды алу мен дамыту институттары ретінде ҚР мемлекеттік қызмет кадрлық резервінің рөлі нығаюда», - дейді Л.Иватова.

Оның айтуынша, әкімшілік лауазымдарға тағайындаулардың басым бөлігі кадрлық резервте тұрған үміткерлер арасынан алынады.

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында жергілікті жерлерде өзін өзі басқару жүйесін жетілдіруді, олардың нәтижедегі жауапкершіліктерін арттыруда, сонымен қатар олардың халық алдындағы есеп беруін күшейтуді тапсырды. Бұл мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігі мен құзіреті деңгейін арттырады. Және олардың өз беттерінше Қазақстанның стратегиялық жоспарына сай шешім қабылдауына мүмкінідк береді», - дейді Л.Иватова. 




Яндекс.Метрика