Өңірлер

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерді оқыту үшін онлайн-университет ашады

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерді оқыту үшін онлайн - университет ашады, деп мәлімдеді бүгін ҰКП төрағасы Абылай Мырзахметов.
Астана қаласы30 Қаңтар , 16:50

«Біздің ойымызша, ғаламтор арқылы білім беру бүгінгі таңда өте маңызды. Мемлекет басшысы айтқан шағын кәсіпкерліктің орта кәсіпкерлікке ауысуына мұның әсері зор. Шағын кәсіпкерліктің ортаға ауысуының басты факторы ақпараттандыру мен құзіреттіліктің артуы. Мұнда біз кәсіпкерлерді оқыту үшін онлайн-университет ашу жобасы туралы мәселе көтерудеміз», - дейді А.Мырзахметов.

Оның айтуынша, бұдан бөлек қазірде «Бизнес мектептер» құру бойынша қанатқақты жобалар іске асырылуда.

Аталмыш жоба Шығыс Қазақстан облысында іске қосылған. 6 сынып оқушылары кәсіпкерлік негіздерін үйреніп, кәсіпкерліктерге экскурия да жасауда.




Яндекс.Метрика