Ұлтаралық бірлік

Барлық қазақстандық Қазақстанның ең дамыған 30 елдің қатарына енуіне атсалысу керек – Я. Низамутдинова

Барлық қазақстандықтар ҚР Президенті қойған 2050 жылға дейін 30 дамыған елдің қатарына кіру үрдісіне белсенді араласуы тиіс, деп «Нұр Отан» партиясының №8 біріншілік ұйымының Астана қалалық Сарыарқа ауданы төрағасы,Астана қаласы «Дослық» Татар мәдени орталығының» АҰ төрағасы Яннат Низамутдинова есептейді.
Астана қаласы30 Қаңтар , 16:42

«Қазақстандықтар Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдуын үлкен тебіреніспен қабылдағанына сенімдімін. Біздің Президент халықтың игілігі үшін бірқатар тапсырмаларды жүктеп отыр. 2050 Стратегиясының басты мақсаты - бейбітшілік пен ынтымақтастықты сақтау. Бұл әлемдік деңгейде барлығымыздың бір проблеманың шешілуіне атсалысуға қатыса алатынымыздың көрсеткіші. Бұл республиканың әлемдік деңгейде мойындалуы», - деді Я. Низамутдинова.

Қоғам қайраткерінің пікірінше, «Нұр Отан» партиясы – Елбасының ойлары мен идеяларының бағыттаушысы.

«Жолдауда айтылған Стратегиялық басымдылықтар бірінші кезекте, біздің, партия мүшелерінің жұмысына жетекшілік қызмет атқарады. Мен Астана қалалық №8 Сарыарқа ауданды «Нұр Отан» ұйымының төрағасы ретінде партияластарымды Мемлекет басшысының идеологиялық, мәдени әлеуметтік мәселелер турасындағы тапсырмаларды жоспарлы түрде дер кезінде орындауға шақырамын. Партияның басты ресурсы партияның Президент тапсырмаларын орындап жатқан және адамдары мен олардың қызметтері арналған халық. «Нұр Отан» партиясы арқылы Президентке сенім партия мүшелерінің Ұлт Көшбасшысының Жолдауында айтылған бағыттар бойынша мемлекеттік бағдарламаларды орындауда белсенді қатыстыратын басты қозғаушы күші», - дейді Я.Низамутдинова.

«Астана қалалық «Дослық» татар білім беру мәдени орталығы» ҚБ жетекшісінің айтуынша, Қазақстан жетістігінің кепілі бәрінен бұрын бейбітшілікті насихаттайтын саясат. «40 жылдам астам уақыт бойы көпұлтты мемлекетте өмір сүріп жатқанымды мақтан тұтамын. Мұнда барлық ұлт пен ұлыс өкілдері өзара тату өмір сүреді. Біз, татарлар, бауырлас қазақ халқына деген құрметіміз жоғары. Біздің құндылықтарымыз да өзара алшақ емес. Мемлекет біздің өзге ұлт өкілдері болғанымызға қарамастан өзіміздің мәдениетіміз бен дәстүрімізді насихаттауда ешбір қиындық тудырған емес. Барлық қазақстандықтар басты мақсат – ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған міндеттемесі, Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына ену тапсырмасын орындауға үлес қосуымыз керек», - дейді Я.Низамутдинова.




Яндекс.Метрика