Ұлтаралық бірлік

Біз барлық күшімізді Президент тапсырмаларын орындауға жұмсайтын боламыз – Ақтөбе облысы ҚХА мүшесі

Біз барлық күшімізді қоғамда ұлтаралық келісім мен бейбітшілікті сақтау үшін Президент тапсырмаларын орындауға жұмсайтын боламыз, дейді Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі.
Ақтөбе30 Қаңтар , 15:40

«Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандық жол-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. Оған кеңес мүшелері, облыстағы 18 этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері қатысты», - делінген хабарламада.

«Біз Елбасының әр жылдарғы Жолдауын асыға күтеміз, оған үлкен сенім артамыз. Шыны керек, Нұрсұлтан Әбішұлының сөзі мен ісі қамшының егіз өріміндей жымдасып жатады. Жолдауда айтылған міндеттерді жүзеге асыруға деген халықтың патриоттық сезімі де жоғары. Мен Елбасының биылғы Жолдауын ерекше ықыласпен тыңдадым. Онда қазіргі қол жеткен табысымызды толықтыра түсудің іздері нақты көрсетілген. «Мәңгілік Елді» нығайту - Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту деп түсінеміз», - дейді «Әзербайжандар ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақтөбе қалалық филиалы кеңесінің төрағасы Шаһбаз Жамалов.

«Елбасының бұл жолғы Жолдауының алтын арқауы да халықтың тұрмысын жақсартуға, ұлтаралық татулық пен бірлікті нығайтуға, сондай-ақ, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құруға бағытталған баян-ды бағдарламаларды құрайды. Онда тәуелсіздік жылдары жүріп өткен қазақстандық жолдан туындаған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы жария етілді. Ортақ Отанымыз - Қазақстанның гүлденуінің іздері айқындалған. «Мәңгілік Ел» идеясының жеті қағидасы біздің дамуымыздың база¬лық құндылықтарын, халқымыздың ортақ мүддесі мен тарихи тағдырын айшықтайды», - деді Ян Липириди.

Отырысқа қатысушылар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандық жол-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын бірауыздан қолдайтындарын білдірді. Жолдауды қолдау, насихаттау және жүзеге асыруға байланысты Ақтөбе облысы Қазақ¬стан халқы Ассамблеясының өңір тұрғындарына үндеуін қабылдады.




Яндекс.Метрика