Өңірлер

Жолдаудың арқасында ҚР-да мүгедектердің қоғам өміріне араласу белсенділігі артуда – «Жүректен жүрекке» еріктілер тобының жетекшісі

Мемлекет басшысының Жолдауының арқасында ҚР-да мүгедектердің қоғам өміріне араласу белсенділігі артуда – «Жүректен жүрекке» жас еріктілер тобының жетекшісі Әйгерім Досқалиева.
Атырау30 Қаңтар , 15:31

«Елбасымыздың 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы көңілімнен шықты. Себебі, мүгедек, жұмыссыз жүрген жандарға қатысты бағыттарын тыңдап бір марқайып қалдық. Үкіметтің арқасында енді жұмыссыз жүрген азаматтарымыз қажетті мамандықты меңгеріп жұмысқа орналасады, экономикамыз дамып, еліміз 30 дамыған елдің қатарына кіреді деген үміттемін», - дейді еріктілер жетекшісі.

70-ке жуық жастардан тұратын «Жүректен жүрекке» атты еріктілер тобының мақсаты мұқтаж, мүгедек жандарға арқау болу, көмектесу.

«Қарттарын ардақтан ел ардақты», «Жүрек жылуымен бөлісу – парызымыз» атты жобаларымыздың барысында қаламыздағы мүгедек, жағдайлары мүшкіл жандармен танысқан болатынбыз», - дейді Әйгерім Досқалиева.

«Бізде Мемлекет басшысының бастамасымен «Дипломмен ауылға!», «Жастар практикасы», «Жұмыспен қамту-2020», «Бизнестің жол картасы-2020», «Жасыл ел» және студенттік құрылыс жасақтары сынды жобалар жемісті жұмыс жасауда», - дейді еріктілер жетекшісі.




Яндекс.Метрика