Ұлттық қорғаныс қабілеттілігі мен әскери доктринаны нығайту

Қорғаныс министрлігі 15 мыңнан астам жасты әскерге шақырады

Билығы жылдың көктемінде мерзімді қызметін өтеген 16 мыңға жуық әскери қызметші жоспарлы түрде запасқа шығарылып, 15 мыңнан астам ер-азамат әскер қатарына шақырылады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Казахстан01 Наурыз , 00:00

«Биылғы көктемде 18-27 жас аралығындағы 15 мыңнан астам ер-азаматты әскер қатарына шақыру жоспарланып отыр. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдеріне 7 мыңға жуық жас шақырылмақ. Қалған бозбалалар Республикалық ұланның, ІІМ Ішкі әскерлерінің, ҰҚК Шекара қызметінің, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімдеріне жіберіледі», деп жазылған хабарламада. 

2013 жылғы көктемгі әскерге шақыру шаралары қарсаңында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Кешенді жоспарды бекіткен. Аталған құжат жастарды Қарулы Күштер қатарына шақыру науқанын сапалы өткізу және әскери қызметті насихаттау мақсатында жасалынып отыр. 

Кешенді жоспарда медициналық куәландыру, идеологиялық және психологиялық жұмыстар, нормативті-құқықтық қамтамасыз ету туралы іс-шаралар кеңінен қамтылған. Жоспарды сапалы іске асыру үшін әскерге шақыру науқанына дайындық және оны жүргізуге Қарулы Күштердің барлық құрылымдық бөлімшелері тартылатын болады.




Яндекс.Метрика