Технологиялар трансферті

2014 жылы Қазақстанда «жасыл» технологиялар саласында еншілес қор құрылады – Қ.Бішімбаев

2014 жылы Қазақстанда «жасыл» технологиялар саласында еншілес қор құрылады. Бұл жайлы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бішімбаев мәлімдеді.
Астана қаласы30 Қаңтар , 14:46

«Өткен жылы еншілес  қор контексінде бірнеше келісімге қол жеткіздік. Қазақстанда «жасыл» технологиялар саласында венчурлі қор құрылатын болды. Біз осы қорды құру туралы Ислам даму корпорациясымен келісімге келдік, енді 2014 жылы бұл қор құрылатын болады», - дейді Қ.Бішімбаев.

Оның айтуынша, қордың алғашқы сомасы шамамен 50 млн долларды құрайды. Оның демеушісі ретінде Ұлттық технологиялық даму агенттігі, сонымен қатар ҚР кәсіпкерлігі мен Ислам даму корпорациясының атынан ұзақмерзімді жеке инвесторлар компаниялары тобы қатысады.

«Бұл қордың басты ерекшелігі – ол исламдық қаржыландыру элементтерін қамтығанындай, дәстүрлі қаржыландыру әдісін де қамтитын болады. Яғни, алғашқы кезеңде 50 млн доллар Қазақстандағы «жасыл» экономика жобаларына салынбақ. Алғашқы кезең сәтті жұмыс істеп кететін болса, қорға тағы 100 млн доллар берілмек», - деді Қ.Бішімбаев.

«Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингінің басқарма төрағасының айтуынша, жаңа қор «жасыл» технологияны енгізумен айналысатын барлық қазақстандық кәсіпкерлерді қамти алатындай қуатты болмақ.  




Яндекс.Метрика