Инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясаты

«Бәйтерек» холдингі инновациялық грант алу механизмін кеңейтті – Қ.Бішімбаев

«Бәйтерек» холдингі инновациялық грант алу механизмін кеңейтті. Бұл жайлы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бішімбаев мәлімдеді.
Астана қаласы30 Қаңтар , 14:32

«Биыл біз инновациялық грант алу механизмін кеңейттік. Енді гранттар барынша кең мақсаттарға арналып, соның ішінде шет елдік технологияларды трансфеттеуге де бағытталмақ. Осы бағдарлама іске асырылған уақыт ішінде Ұлттық технологиялық даму агенттігі қолдайтын инновациялық жобаларды іріктеу бойынша үлкен жұмыстар атқарылды», - деді Қ.Бішімбаев.

Оның айтуынша, «Бәйтерек» холдингінен қолдау алушылардың арасында технологиялық жаңғырту мақсатында инновациялық өнімдерді пайдаланатын кәсіпкерліктер бар.

«Сонымен қатар Ұлттық технологиялық даму агенттігі машина құрылысы кәсіпкерлігі мен машина құрылысы өнімдерін, соның ішінде олардың конструкторлық нақты тапсырмаларын орындайтын шешімдер үшін технология трансферті аясында жұмыс істейтін кәсіпкерліктерді қамтамасыз ететін бірнеше конструкторлық бюроға белсенді қатысуда», - деді басқарма төрағасы.

Мысал ретінде ол ҚТЖ-мен белсенді әріптестік құрған темір жолы транспорттық машинақұрылысының конструкциялық бюросын атады.




Яндекс.Метрика