Өңірлер

Қ.Бішімбаев: ҚДБ портфелінде «Қазақстан-2050» Стратегиясы мақсаттарына сай келетін ірі жобалар жоспарланған

Қазақстанның даму банкі портфелінде «Қазақстан-2050» Стратегиясы мақсаттарына сай келетін ірі жобалар жоспарланған. Бұл жайлы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бішімбаев мәлімдеді.
Астана қаласы30 Қаңтар , 13:51

«Қазақстан даму банкі жұмысын активизациялау – банкаралық несиелеу арқылы байланыстыру ғана емес, сонымен қатар тікелей де орындалады. Қазақстанның даму банкі портфелінде «Қазақстан-2050» Стратегиясы мақсаттарына сай келетін Мемлекет басшысының бір кездері айтқан ірі жобалар жоспарланған», - деді Қ.Бішімбаев.

Оның айтуынша, биыл Атырауда алғашқы интеграциланған газхимиялық кешеннің құрылысын қаржыландыру басталады. Сонымен қатар, оңтүстік өңірдегі газ тарату инфрақұрылымы мен Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобалары бойынша жұмыстар жалғастырылады.

«Биылғы жылы жұмыстары басталатын тағы бір ірі жоба – пропилен өндіретін алғашқы газхимиялық интеграцияланған кешеннің екінші фазасы болса, екінші фаза полиэтиленге бағытталатын болады. Бұл жоба Қазақстанның даму банкінде қаралатын болады», - деді басқарма төрағасы.




Яндекс.Метрика