Өңірлер

С.Ахметов: ТКШ жаңғыртудың тиімділігі әкімдерді бағалаудың өлшеміне айналады

ТКШ жаңғыртудың тиімділігі әкімдерді бағалаудың өлшеміне айналады . Бұл туралы ӨДМ кеңейтілген алқа отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов хабарлады.
Астана қаласы30 Қаңтар , 13:38

«ТКШ жаңғырту бағдарламасының тиімділігі оған қатысушылардың жағдайын жақсартады. Біз қатысушыларды барынша тартуымыз қажет. Үй ескірген сайын біз оны ретке келтіреміз. Біздегі тұрғын үй қорын  қалыпқа келтіруге болады,  яғни ол жақсы жағдайда», - деді С. Ахметов.

ТКШ жаңғыртудың басты өлшемі оның айтуынша, жаңғыртудан кейін қызметтің жоғары сапалығын сезіну.

«Әкімдерді бағалаудың өлшеміне ТКШ жаңғыртудың тиімділігі айналады. «Қолжетімді баспана» және ТКШ жаңғырту бағдарламасында заманауи қаржыларды қолдану әкімдердің міндеті», - деді ол.

Үкімет басшысы Министрлікке бұл сұрақты қатаң қадағалауда ұстауды тапсырды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін министрлік қолдауды тұрақтандыру және бағыттау үрдісіне көңіл бөлу қажет. Оған барынша адамдар тартылуы тиіс», - деді ол.

Оның айтуынша, ҚР ӨДМ бюджеттік қаржыны қолдануды нақты бағыттауы тиіс.

«Бұл орайда қызметтерді қайта қарастыру керек. Айта кетейін, бюджеттік инспекторлар өңірлік даму жетістіктері арқылы анықталуы тиіс», - деді Премьер-Министр. 




Яндекс.Метрика