Білім беру

Біз еліміздің сенімді және нық әрекетінің куәгеріміз – СҚО аудандық білім беру бөлімінің жетекшісі В.Ткаченко

Қазақстандықтар тәуелсіздік алған жылдардан бері еліміздің сенімді және нық әрекетінің куәсі болып отыр, дейді Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық білім беру бөлімінің жетекшісі Владимир Ткаченко.
Солтүстік Қазақстан30 Қаңтар , 12:12

«Біз барлығымыз жаңа мемлекетті құруда бір идеяның айналасына топталып, мемлекетіміздің гүлденуіне бір кісідей ат салысып, біздің басты құндылықтарымыз – тәуелсіздік, ұлтаралық, бірлік, бейбітшілік пен келісімді сақтайтынымызға сенімім мол. Жамбыл ауданы білім беру бөлімі 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім беру саласын дамытудың мемлекттік бағдарламасы аясында Жолдауда айтылған міндеттемелерді орындауға өз үлесін қосады», - дейді В.Ткаченко.

Аудандық білім беру басқармасы жетекшісінің мәліметінше, 12 жылдық білім беру жүйесіне өткізуді ескеріп аудан ұстаздарын қайта даярлау жұмыстары жалғасуда. Ауданның 844 оқытушысының ішінде өткен жылы 390-ы қайта даярлаудан өткізілсе, 67 оқытушы Кембридж бағдараламсы бойынша курстан өтті.

«Дәл сол оқытушылар біздің ауданда білім беру сапасын артуына үлестерін қосулары керек. Президенттің 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап айлық жалақыны 29 пайызға арттыру туралы тапсырмасы өте орынды. Бұл ұстаздарды жаңаша еңбек етуге ынталандырып, түлектердің мол білім алып шығуына алғышарт болады», - дейді В.Ткаченко.  

Оның айтуынша, ауданда қазіргі таңда 12 жылдық білім беруге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Мектепке дейінгі ұйымдар желісі кеңейтілуде. 3-6 жас аралығындағы мектепке дейінгі ұйыммен қамтамасыз етілгені 98,8% құрайды. 




Яндекс.Метрика