Халықаралық интеграция

Сенат Қазақстан мен Вьетнам арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялады

ҚР Парламенті Сенаты Қазақстан мен Вьетнам арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялады.
Астана қаласы30 Қаңтар , 12:00

Сенатта, мәлім болғандай, келісім инвестицияларды қолдау және өзара қорғау үшін қолайлы құқықтық шарттар құруға, инвестициялық климатты жақсартуға және екі ел арасындағы қолайлы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

 Вьетнам әлемнің қарқынды дамыған елдерінің бірінші ондығына кіретінін ескерсек, осы Келісімнің күшіне енуі екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі өрбуге үлес қосады.

2005 жылдан бастап 2013 жылдың 9 айына дейін Қазақстан экономикасындағы вьетнамдық инвестициялардың жалпы ағыны 2,4 млн. АҚШ долл. құрады.

Айта кетейік, 2013 жылғы қаңтар-қараша аралығында қазақстандық-вьетнамдық сауда айналымының көлемі 221,8 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт - 1,4 млн. АҚШ долл., импорт - 220,4 млн. АҚШ долл.), бұл 2012 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 2 есеге артық (121,3 млн. АҚШ долл.).

 

 

 




Яндекс.Метрика