Өңірлер

2013 жылы ҚР-да жергілікті өзін-өзі басқару аясында 2 мыңдай ауыл орнықтырылды

2013 жылы ҚР-да жергілікті өзін-өзі басқару аясында 2 мыңдай ауыл орнықтырылды, деп мәлімдеді ҚР ӨДМ қызметкерлерінің кеңейтілген отырысында ведмство басшысы Болат Жәмішев.
Астана қаласы30 Қаңтар , 11:59

«Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржыландыру аясында 2 мың ауыл құрылды. Бұл жалпы 5,6 млрд теңгенің ауылдық жерлерінің үштен бірі», - деді министр.

Министр, сонымен қатар, жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасының екінші кезеңін іске асыру бойынша ұсыныстарды дайындауды тапсырды.

«Жергілікті деңгейде жиындарды өткізу тәртібін реттейтін тиісті нормативтік акттерді қабылдау керек. Жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасының екінші кезеңін іске асыру бойынша ұсыныстарды дайындау керек», - деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар, Болат Жәмішев «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының бірінші бағыты аясында 43 млрд теңгеге ауыл инженерлік инфрақұрылымын дамыту, әлеуметтік нысандарды ағымдағы күрделі жөндеуден өткізу бойынша 1,6 мың жоба іске асырылды.

«Аудан орталықтары мен тірек ауылдарды дамытудың, ауыл округтері мен орталықтарды дамыту шараларының облыстық жоспарының, инвестициялық жобалардың кешенді бағдарламасының келісімі қажет. Бірінші кезекте өз аумағына кіретін елді-мекендерге әсер ететін тірек ауылдық елді-мекендердегі әлеуметтік жобаларды іске асыруға көбірек көңіл бөлу керек», - деді министр.  




Яндекс.Метрика